Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Пхенчхандағы Олимпиада алдында спортшылар 7 000 допинг-тест тапсырды

Пхенчхандағы Олимпиада алдында спортшылар 7 000 допинг-тест тапсырды


Пхенчхандағы 2018 жылғы қысқы Олимпиаданың допинг-бақылау жүйесі барынша  мұқият жүргізіледі, деп мәлімдеді Халықаралық Олимпиадалық комитеттің (ХОК) медициналық департаментінің басшысы Ричард Баджетт Лозаннада (Швейцария) өткен баспасөз брифингінде.  Бұл жайлы sport.inform.kz хабарлайды.

Баджеттің сөзіне қарағанда, ІТА допинг-тестілеу тәуелсіз ұйымы Рождество қарсаңында, қысқы Олимпиада алдында толық күшпен жұмысын бастайды. Осы орган спорт әлеміндегі допинг бақылаудың өзекті мәселелері бойынша көмектеседі.

2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайындық кезеңінде спортшылар, соның ішінде қазақстандық атлеттер де бар, жалпы жеті мың тест тапсырып үлгерген.

«62 елдің төрт мың спортшысынан жалпы жеті мың тест алынды, бұл Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиаданың алдындағыдан 50%-ке көп деген сөз», - дейді Баджетт.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадалық қозғалыстың допингке жол бермеу ұстанымын толық қолдайды.


  Пікір: 0
  0