auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алматы 2026 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге өтініш берді ме?

Алматы 2026 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге өтініш берді ме?
monitor.espec.ws
Таяуда Алматы 2026 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге үмітті қалалардың бірі ретінде айтылған-ды. Егер өтініш берсе, Алатау бөктерінде ақ Олимпиаданың өтіп қалуы бек мүмкін бе еді...

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) үміткер қаланы анықтау үшін 15 талап бойынша бағалау жұмыстарын жүргізеді. Атап айтар болсақ,  оған жалпы жоба; қысқы ойындардың концепциясы және спорт ареналары; Олимпиада қалашығы; Медиа-орталық; спорттық шараларды өткізу тәжірибесі; қоршаған орта және метеорология; қонақ үй; транспорт; допинг-бақылау; қауіпсіздік; телекоммуникация; энергетика; елдің спорттық заңнамасы және виза; басшылық пен халықтың қолдауы; қаржы және маркетинг кіреді. Алматы бұл талаптарға сай деп айтуға болады. Себебі осыған дейін Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш жасап көрді. 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге ұмтылып, шешуші сәтте ғана Бейжіңге жол берді.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бұл сұраққа өз жауабын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім Алматыда өткен Универсиада ойындары Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) тарапынан жоғары бағаға ие болғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ Алматыдағы дода жарыс тарихындағы ең үздігі деп танылған болатын.

- Қысқы ойындарды өткізуге қаланың инфраструктурасы толықтай жетеді. Барлығы дайын болғандықтан қатысасыңдар ма деп сұрайтындар көп. Себебі Универсиада ойындарының ашылуы мен жабылу салтанаты Олимпиада ойындарынан кем болған жоқ. Мұның барлығын отандық компаниялардың қолдауымен жүзеге асырдық. Бірақ Алматы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш берген жоқ деп ресми түрде айтамын, - деді Бауыржан Байбек.

2026 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу туралы өтініштер осы жылдың 16 наурызы мен 16 қыркүйегі аралығында қабылданған. Бұл жайында ХОК үміткер болуы мүмкін қалаларды атаған-ды. Ол қатарда Алматыдан өзге Инсбрук (Австрия), Калгари (Канада), Сьон (Швейцария), Эрзурум (Түркия) және Саппоро (Жапония) қалалары болған еді.

Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін қала 2019 жылы Миланда өтетін ХОК-тың 132-ші сессиясында анықталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
23 маусым 2022, 13:27
Олимпиада
©oir.mobi 23 маусым Халықаралық Олимпиада күні

Жарнама

Жарнама