Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Олимпиада 2024 жылы – Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтеді

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті Перу астанасы Лимада өткен 131-ші ресми отырысында жариялады.


kp.ru
kp.ru
2024 және 2028 жылдары жазғы Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті Перу астанасы Лимада өткен 131-ші ресми отырысында жариялады.

Алдағы екі Олимпиада ойындары қай қалаларда өтетіні осыған дейін хабарланған. Тек қайсысы бірінші болып өткізетіні ғана айтылмаған-ды. Күні кеше белгілі болғандай, төрткүл дүние көз тігетін дода 2024 жылы – Парижде, араға 4 жыл сала Лос-Анджелесте өтетін болды. ХОК комиссиясы қала басшыларымен үшжақты келісімшартқа қол қойып, дайындық жұмыстарына сәттілік тіледі.

Олимпиада ойындары Парижге араға 100 жыл салып оралды. Қалада спорт нысандары жеткілікті деңгейде. Қонақүйлер мен қоғамдық көлік қатынасы жолға қойылған.

Париж бен Лос-Анджелесте осыған дейін жазғы Олимпиада ойындары бір емес, бірнеше рет өткен. Нақтырақ айтсақ, Франция астанасы 1900 және 1924 жылдары доданы ұйымдастырса, Лос-Анджелесте 1932 және 1984 жылдардағы Олимпиада ойындары өткен.

ХОК бір отырысында екі бірдей Олимпиада ойындары өтетін қаланы алғаш рет анықтап отыр.

Айта кетейік, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Жапония елінің астанасы Токиода өтеді.
  Пікір: 0
  0