Олимпиадада Бекзатты жеңген боксшы келесі қарсыласын есінен тандырды

Имам Хатаев. Сурет: globallookpress.com

Ресей құрамасының боксшысы Имам Хатаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда ол испаниялық Газимагомед Джалидовты үшінші раундта есінен тандырды. Осы жеңіс арқасында ресейлік боксшы 81 келіде қола жүлдеге ілігіп отыр. 

Еске салайық, Хатаев турнирдің 1/8 финалында 2019 жылғы әлем чемпионы болған қазақстандық Бекзат Нұрдәулетовті жеңген еді (4:1).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар