"Кливленд Кавальерс" клубының көшбасшысы ЛеБрон Джеймс НБА плей-офф раундының бірінші сериясындағы бесінші ойында "Индианоа Пэйсерс" клубымен өткен кездесуде жеңісті допты соққанан кейін, эмоцияға беріліп ерекше қуанды.
Кливлендте өткен ойын 98:95 (23:25, 26:31, 32:17, 17:22) есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ойынның басты кейіпкері Джеймс болды, ол сирена шырылдаған уақытта үш ұпайлық доп салды. "Коивленд" ойыншысы қатты қуанғаны соншалық, телекомментаторлардың үстеліне шығып кетті.
Джеймс ойын қорытындысы бойынша 44 ұпаймен ең нәтижелі атанды.
Төрт жеңіске дейін өтетін жарыста 3-2 есебімен "Кливленд" алда келе жатыр. Алтыншы кездесу 28 сәуірде Индианаполисте өтеді.
Жарнама