Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін Станимир Стойлов ұстайды

Бұл туралы бүгін ресми хабарланады.

Станимир Стойлов. Reuters©
0 пікір
96
1 наурыз 12:58
Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері болып болгариялық маман Станимир Стойлов тағайындалады. 

Бұл туралы бүгін, 1-наурыз күні Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстыру кезінде ресми жарияланады. Жаңа бас бапкерді таныстыру Астанада 15:00-де болады. 

Айта кетейік, 8-қаңтар күні "Астана" футбол клубы Стойловпен жаңа келісімшарт жасағаны туралы ресми хабарлаған еді. Елордалық клубпен Стойлов ең бірінші келісімшартын 2014 жылы жасаған болатын. Содан соң келісімшарт 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін ұзартылды. 

Болгариялық маман бірінші маусымда-ақ елордалық клубпен Қазақстан Чемпионы атанды. Одан кейін "Астана" бұл бапкермен ішкі біріншілікті үш рет жеңіп алды. 2015 жылы "Астана" қазақстандық клубтардың арасында бірінші болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. 

2016 және 2017 жылдары "Астана" Стойловпен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Ал биылғы маусымда "Астана" қазақстандық клубтар арасында Еуропа лигасының 1/16 финалына бірінші болып шықты. 

Болгариялық "Тема Спорт" басылымының хабарлауынша, елордалық клубпен жасаған жаңа келісімшарты бойынша Стойловтың бір жылдық жалақысы 1,2 миллионға дейін өскен. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 22-қаңтарда Александр Бородюк қызметінен кеттенен кейін бас бапкерсіз қалған еді. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
96
1 наурыз 12:58
Новости