auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының алдында Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының алдында Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін
Reuters©
Аргентина құрамасы Ресей жерінде өтетін футболдан әлем чемпионатының алдында Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы AS Argentina хабарлап отыр. 

Ойын 4-маусым күні Астанада өтуі ықтимал. Бұл күні 32 елдің бас бапкерлері әлем чемпионатына қатысатын құрама ойыншыларының соңғы тізімін өткізулері керек. Сондықтан да бұл ойынға Аргентина құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли әлем чемпионатына қатысатын 23 футболшына ма немесе қосалқы құрам ойыншылары алып келеді ме, белгісіз болып тұр. 

Орайы түскенде айта кетейік, мамыр айынан бастап ФИФА құраманың кеңейтілген тізіміне 35 футболшыға дейін шақыртуға рұқсат етейін деп жатыр. 

2018 жылғы әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. ФИФА ережесі бойынша мұндай ірі турнирдің алдында клубтар ойыншыларын құрамаға 15 күн алдын жіберуі керек. 

Аргентина құрамасы наурыз айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен Италия, содан соң Испания құрамаларымен. Сондай-ақ әлем чемпионатының алдында да бұл құрама бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Алайда ол кездегі қарсыластар әлі белгісіз болып тұр. 

Әлем чемпионатында Аргентина құрамасы D тобында өнер көрсетеді. Бұл топта Хорватия, Исландия және Нигерия құрамалары бар. Аргентина құрамасының топтық кезеңіндегі ойындары 16, 22 және 27 маусым күндері өтеді. 

Еске салайық, 2017 жылдың 23 қарашасында Vesti.kz порталының тілшісіне Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Игорь Утробин Қазақстан құрамасы Аргентинамен жолдастық кездесу өткізу үшін келіссөз жүргізіліп жатқанын айтып еді. Оның айтуынша, ҚФФ бұл ойынға кететін шығынның 40 пайызын көтеруге дайын болған. Ал қалғанын көтеру үшін демеушілер іздестіріп жатқанын хабарлады. Бірақ кейін Аргентина Нигерия құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. 




һ

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
19 маусым 2023, 12:08
Ұлттық құрамалар
©ҚФФ УЕФА Қазақстан қақпашысын атап өтті

Жарнама

Жарнама