Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Ұлттар лигасы – Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) қолға алған жаңа футбол додасы.


twitter.com
twitter.com
Лозаннада (Швейцария) футбол тарихында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. "D" дивизионында болған Қазақстан құрамасы топта Грузия, Латвия және Андоррамен кездеседі.

Ұлттар лигасы – Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) қолға алған жаңа футбол додасы. Халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес, әр екі жыл сайын өтетін болады. Жарыстың мақсаты – ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуі мен ресми ойындардың санын арттыру. Бұл жарысқа УЕФА құрамына кіретін 55 елдің футбол қауымдастығының құрамалары қатысады. Олар осы ұйым рейтингі бойынша 4 дивизионға жіктелген. Бүгінгі жеребе бойынша 4 дивизионның өкілдері 3 не 4 құрамадан топтарға бөлінді. "B", "C" және "D" дивизиондарында топ жарғандар бір саты жоғарылайды, ал "A", "B" және "C" дивизиондарында көш соңында қалғандар төменгі дивизионға түседі.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы ойындары басталады. 2019 жылдың маусым айында A дивизионындағы төрт топтың жеңімпаздары арасында плей-офф жүйесінде (жартылай финал және финал) финалдық дода өткізіледі. Жартылай финалдық жұптар жеребе тарту арқылы анықталады. Ал финалдың қай жерде өтетіндігін УЕФА Атқару комитеті шешеді. Осылай, Ұлттар лигасының чемпионы белгілі болады. Яғни, Ұлттар лигасының чемпионы "А" дивизионындағы құрамалар арасында анықталады.

УЕФА Ұлттар лигасында 2020 жылғы Еуропа чемпионатының төрт жолдамасы сарапқа салынады. Ал 20 жолдаманың иесі әдеттегідей іріктеу кезеңі бойынша белгілі болады. Төрт жолдама қалай сарапқа салынатыны жайлы төмендегі видеонұсқаулықтардан ұғынуға болады.





Видеонұсқаулықтан ұққанымыздай, Қазақстан құрамасы бақ сынайтын D дивизионының төрт тобында үздік шықандар 2020 жылдың наурыз айында өтетін плей-офф додасына қатысады. Мұнда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасы сарапқа салынады. Оған 16 құрама қатысады. Бұл - Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына жолдама алуына берілетін зор мүмкіндіктің бірі десек те болады.

1-топ: Грузия, Латвия, Қазақстан, Андорра;
2-топ: Беларусь, Люксембург, Молдова, Сан-Марино;
3-топ: Әзірбайжан, Фарер аралдары, Мальта, Косово;
4-топ: Македония, Армения, Лихтенштейн, Гибралтар;

2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасы сарапқа салынатын додаға әр дивизионан төрт құрама қатысуы керек (төмендегі суреттен аңғаруға болады. Егер қосымша жолдамалар сарапқа салынатын додаға қатысуы керек А дивизионындағы құрама "Еуро-2020" жолдамасына іріктеу ойындарында қол жеткізіп алса, онда оның орнына бір саты төмен орналасқан құрама барады. Ал егер А (немесе В) дивизионындағы құрамалардың бәрі (немесе көбісі) "Еуро-2020" жолдамасын іріктеу ойындарында жеңіп алса, онда олардың орындарын келесі дивизиондағы құрамалар басады.
  Пікір: 0
  0