auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Өзбектер футбол жаттықтырушысын өмір бойына қызметтен шеттетті

Өзбектер футбол жаттықтырушысын өмір бойына қызметтен шеттетті
Darakchi
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасын әлем чемпионатына алып шыға алмаған жаттықтырушы Самвел Бабаян елдегі футбол саласындағы қызметтерден өмір бойына шеттетілді. Мұндай шешімді кеше футболдан Өзбекстан атқарушы комитеті қабылдады.

46 жастағы жаттықтырушы Өзбекстан құрамасын 2015 жылдың маусымынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін жаттықтырды. 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында топта төртінші орын алып, жолдамадан қағылды. Қосымша жолдамаға таласу мүмкіндіктері болғанмен, оны да пайдалана алмады.

Өзбекстан футбол федерациясы жаттықтырушыны тәжірибелі мамандар мен сарапшылар пікіріне құлақ аспай, өзі таныс ойыншыларды ғана ойнатты деп айыптап отыр.

- 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі кезінде Бабаян футболшылардың физикалық дайындығына баса мән бермей, өзіне таныс ойыншыларды ғана алаңға шығарып отырған. Құрамадағы тәртіпті сақтамай, жұмысына ат үсті қараған. Бұл жағдай жанкүйерлердің де наразылығын тудырды, - дейді Өзбекстан футбол федерациясы.

Қазіргі таңда Өзбекстан құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалған жоқ. Қашан жаңа маманның келетіні де белгісіз.

Самвел Бабаян – Ташкент қаласының тумасы. Футболшы ретінде аса жоғары жетістікке жетпеген. Футбол клубтарында менеджер болған. 2002 және 2014 жылдар аралығында "Пахтакор" командасының вице-президенті болған. Кейінгі екі маусымда бас жаттықтырушы қызметін атқарған. 2015 және 2017 жылдар аралығында ұлттық құрамамен қатар Өзбекстан олимпиадалық құрамасын (23 жасқа дейінгі) да жаттықтырған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
19 маусым 2023, 12:08
Ұлттық құрамалар
©ҚФФ УЕФА Қазақстан қақпашысын атап өтті

Жарнама

Жарнама