Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары жолдастық кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Кездесу 2018 жылы Ташкентте өтуі мүмкін.


Сурет ҚФФ-ның ресми сайтынан алынды.
Сурет ҚФФ-ның ресми сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы уақытта Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазіргі уақытта екі елдің федерациялары арасында келіссөздер жүріп жатыр. Егер екі тарап келісімге келсе, кездесу 2018 жылдың наурыз айында Ташкент қаласында өтеді. 

Айта кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін Қазақстан құрамасы соңғы орында аяқтаған еді. Ал Өзбекстан құрамасы болса, тоғыспа кездесуден тыс қалды. 

Жалпы Қазақстан құрамасы мен Өзбекстан құрамасы өзара осы уақытқа дейін алты кездесу өткізген. Бұл кездесулердің біреуінде ғана Қазақстан құрамасы үстем болса, екі рет Өзбекстан құрамасы жеңіске жеткен. Тағы үш кездесу тең аяқталған. 

Соңғы рет Қазақстан мен Өзбекстан құрамасы 2007 жылы "Алма-ТВ кубогы" бәсекесінде Шымкентте кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. 

Қазақстан құрамасы 2018 жылдың қыркүйек айында дейін ресми кездесулер өткізбейді. Соңғы сұқбаттарының бірінде Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк бұл аралықта біздің құрама төрт жолдастық кездесу өткізетінін айтқан еді. 





  Пікір: 0
  0