Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Қазақстанда жұмыс істеу мүмкін емес. Ешқандай жағдай жасалмайды". Красножан Қазақстан құрамасынан не үшін кеткенін айтып берді

Бапкер біздің құрамамен бір жыл жұмыс істеген еді.

Сурет ҚФФ-ның ресми сайтынан алынды.
0
393
20 қазан 2017 16:54
Ресейлік маман Юрий Красножан "Матч ТВ" арнасына берген сұқбатында Қазақстан құрамасынан не үшін кеткенін айтып берді.

54 жастағы маман Қазастан құрамасының тізгінін 2014 жылдың 5 наурызында ұстап, 2015 жылдың 13 қазанында бұл қызметтен кеткен еді. Бұл уақыттың ішінде ол Ұлттық құрамамызбен 17 кездесу өткізіп, 3 кездесуде жеңіске жетсе, алты ойында тең ойнап, жеті ойында жеңіліс тапты. 

2016 жылы Франция жерінде өткен Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңінде Красножанның бастамасымен Қазақстан құрамасы бес ұпай жинап, А тобында Латвияның алдына түсіп, бесінші орынға жайғасты. 

- Жұмыс істеп жатырсыз ба?

- Жоқ. Жаңа жұмыс туралы бір екі жоспарым бар. Бірақ қазір ол туралы айту әлі ерте. 

- Өткен жарты жылда не істедіңіз?

- Өз-өзіммен жұмыс істедім. Отбасымның қасында болдым. Денсаулығымды түзеп, отбасымның мәселелерін шештім. Ұлым үйленді. Немерелі болдым. 

- Қазір қай жерде тұрып жатырсыз?

- Нальчикте. 

- Не үшін Қазақстан құрамасымен келісімшартыңызды ұзартпадыңыз?

- Қазақстанда жұмыс істеу мүмкін емес. Ешқандай жағдай жасалмайды. Ойын өткізу бір бөлек. Бірақ осы ойындарға дайындалу керек қой. Ойындарға дайындалу үшін жүйені ауыстыру керек. Жолдастық кездесу өткізу үшін де. Тіпті жолдастық кездесулерді дұрыс ұйымдастыра алмаған соң, мұндай жерде жұмыс істей алмайтыныңды түсінесің. 

- Жолдастық кездесулерді неге өткізе алмадыңыздар?

- Мүмкін, қарсыластармен келісімге келу қиын болған шығар. Бірақ мен анық-қанығын сұраған жоқпын. Тек фактті ғана айтып отырмын. 

- Сіз Ресейдің ұлттық құрамасын жаттықтырмасаңыз да, жастар құрамасын баптадыңыз. Қазақстан мен Ресей футболында айырмашылық көп пе?

- Иә. Мен Ресей құрамасына қарсыластардың қандай қиын жолмен табылатынын білемін. Жастар құрамасында да тура солай. Сол үшін Қазақстанда бұл мәселенің де қалай шешілгенін білемін. Бұл мәселені шешу үшін тек ғана жұмыс істеу керек. Осы жағынан екі елдің футболында ұқсастық бар шығар. Алайда Ресей футбол одағындағы адамдар жинақы жұмыс істейтін. 

- Қазақстанда сіздің алдыңызға қандай тапсырма қойды?

- Мен қызметіме ең алғаш кіріскен күннен және жұмысымнан кеткенге тапсырмалар әртүрлі болды. Басында құрама сапына жас футболшыларды көп тарту керек деген. Бірақ бұл процесске көп уақыт кетеді. Қазақстанның жастар құрамасында талантты жігіттер өсіп келеді. Оларды көбірек ойнату керек. Міне, осылар құрама сапында жасы келген ойыншылардың орнын басу керек еді. Алайда Қазақстанда бұл процесс тым ұзаққа созылып кетті. 

Содан соң - Еуро-2016 іріктеу турнирінде төртінші орын алу деген тарсырма қойылды. Ал федерацияның жаңа басшылары 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігіне қатысқысы келді. 

- Бұл Қазақстан үшін орындалмайтын тапсырма ма?

- Мен жалпы орындалмайтын тапрсырма болмайды деп есептеймін. Тек барлық тапсырмаларды уақытымен шешім отырса. Біз сиқыршы емеспіз ғой. Қолыңды бір сергіп, керемет нәтижеге жету мүмкін емес. Ал қазір барлығы бірден айға қолдарын созады. 

- Екі жылдың ішінде Қазақстан құрамасы ресми кездесулерде бір рет ғана жеңіске жетті. Оның өзі Еуропа біріншілігің іріктеу кезеңіндегі соңғы ойында тіркелді. Екі жыл бойы жеңіске жетпеу психологиялық тұрғыдан әсер етпейді ме?

- Мұндай нәтижені қабылдау біріншіден жанкүйерлер үшін қиын шығар. Бірақ сен команданың ішінде болсаң, буын алмасу, ойыншы алмасу секілді процесстердің өткенін дұрыс екенін білесің. Иә, біз жеңген жоқпыз. Дегенмен де Қазақстанда ұйымдастыру деңгейі жоғары болғанда мен сонда қала берер едім. 

- Латвияны қалай жеңіп кеттіңіздер?

- Оған дейін жасалған еңбектің арқасында. Мен басқа нәрселерге сенбеймін. Тек еңбекпен ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. 

- Бұрнағы күні сіз жұмыс іздестіріп жатырсыз ба әлде сізге жасаған ұсыныстар бар ма?

- Ұсыныстар бар. Қаржылық, техникалық базасы бар, кардлары бар ұжымның тізгінін ұстағым келеді. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0
393
20 қазан 2017 16:54
Новости