auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Футболдан Панама құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады

Футболдан Панама құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады
Livesport
Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аяқталып келеді. Түнде өткен ойындар қорытындысы бойынша тағы 6 құрама жолдамаға ие болды.

Кеше Исландия құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алса, бүгін Панама құрамасы да осындай жетістікке қол жеткізіп отыр. Солтүстік Америка құрлығындағы іріктеу кезеңіндегі соңғы турда жанкүйерлер күтпеген нәтижелер тіркелді. Жолдамадан басты үмітті АҚШ құрамасы сырт алаңда аутсайдер Тринидад және Тобаго құрамасынан 2:1 ұтылып, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Құрама 1986 жылдан бері іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп келген еді.

Сонымен Солтүстік Америка құрлығынан Мексика мен Коста-Рика осыған дейін жолдама алып үлгергеннен кейін, соңғы турда көп күш сарқымады. Нәтижесінде Мексика Гондурасқа (2:3), Коста-Рика құрамасы Панамадан (1:2) ұтылды. Панама үшінші орынмен әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, Гондурас құрамасы Аустралиямен қосымша жолдамаға таласатын болады.

Гондурас - Мексика 3:2
Голдар: Элис 34, Очоа (автогол) 54, Киото 60 - Перальта 17, Вела 39

Панама - Коста-Рика 2:1
Голдар: Торрес 53, Торрес 88 - Венегас 36

Тринидад және Тобаго - АҚШ 2:1
Голдар: Гонсалес (автогол) 17, Джонс 37 - Пулишич 47



Оңтүстік Америка құрлығындағы ойындар қорытындысы бойынша Бразилия құрамасы алғашқылардың бірі болып жолдама алып үлгерген еді. Соңғы турдың қорытындысы бойынша бұл қатарды Уругвай, Аргентина мен Колумбия құрамалары толықтырды. Перу құрамасы болса Жаңа Зеландиямен қосымша жолдамаға таласады. Ал Чили құрамасы Ресейдегі додаға қатыспайды.

Бразилия – Чили – 3:0
Голдар: Паулиньо 55, Г. Жезус 57 Г. Жезус 90+3

Эквадор – Аргентина – 1:3
Голдар: Ибарра 1 - Месси 12, 20 62

Парагвай – Венесуэла – 0:1
Гол: Эррера 84

Перу – Колумбия – 1:1
Голдар: Герреро 76 - Х.Родригес 56

Уругвай – Боливия – 4:2
Голдар: Касерес 39, Кавани 42, Суарес 60, Суарес 76 - Г. Сильва (автогол) 24, Годин (автогол) 79



Еуропада да іріктеу кезеңі аяқталды. Соңғы турдың қорытындысы бойынша Португалия мен Франция құрамалары әлем чемпионатына тікелей жолдаманы иеленді. Италия, Дания, Хорватия, Солтүстік Ирландия, Ирландия, Швейцария, Грекия мен Швеция құрамалары қосымша 4 жолдамаға таласады. Жеребе тастау рәсімі 17 қазан күні Цюрихте өтеді. Құрамалары арасындағы алғашқы ойындар 9-11 қарашаға, қарымта ойындар 12-14 қарашаға жоспарланған.

"А" тобы

Франция – Беларусь - 2:1
Голдар: Антуан Гризманн, 27, Оливье Жиру, 33 - Антон Сарока, 44

Нидерланд – Швеция - 2:0
Голдар: Арьен Роббен, 16 (пен), 40

Люксембург – Болгария - 1:1
Голдар: Оливье Тилл, 3 - Ивайло Чочев, 68

"B" тобы

Португалия – Швейцария - 2:0
Голдар: Йохан Джуру, 41 (автогол), Андре Силва, 57

Венгрия – Фарер аралдары - 1:0
Голдар: Даниэль Беде, 81

Латвия – Андорра - 4:0
Голдар: Давис Икаунекс, 11, Валерий Шабала, 19, 59, Игорь Тарасов, 63

"H" тобы

Грекия – Гибралтар - 4:0
Голдар: Василис Торосидис, 32, Константинос Митроглу, 61, 63, Яннис Янниотас, 78

Бельгия – Кипр - 4:0
Голдар: Эден Азар, 12, 63 (пен), Торган Азар, 52, Ромелу Лукаку, 78

Эстония – Босния және Герцеговина - 1:2
Голдар: Илья Антонов, 75 - Изет Хайрович, 48, 84

Қазіргі таңда әлем чемпионатына 23 құрама жолдама алып үлгерді. 9 құрама алдағы уақытта анықталатын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
19 маусым 2023, 12:08
Ұлттық құрамалар
©ҚФФ УЕФА Қазақстан қақпашысын атап өтті

Жарнама

Жарнама