Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстан құрамасы қараша айында Ресеймен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Бұл туралы құрамамыздың бас бапкері Александр Бородюк айтты.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Польша құрамасына қарсы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі барысында өтетін кездесудің алдында өткен баспасөз жиыны кезінде құрамамыздың алдағы жоспарлары туралы айтты. 

Бас бапкер бұл жиында Қазақстан құрамасы мықты ұжымдарға қарсы тәжірибе жоқ екенін айтып, алдағы уақытта Еуропаның мықты деген екі ұжымымен жолдастық кездесуі мүмкін екендігін хабарлады. 

- Біздің құрама жолдастық кездесулерге берілетін демалыс кездерін бос өткізіп алып жатады. Бұл мәселені қалай шешуге болады?

- Жолдастық кездесуге берілетін уақытта бізге тиімді пайдалану керек. Жасырмаймын, қазір біз қараша айында жолдастық кездесу үшін еуропалық екі мықты құрамаға ұсыныс жасадық. Жауап күтіп отырмыз. Қарсыласымыз қаншалықты мықты болса, біз үшін тиімдірек болады. 

Сонымен қатар қараша айында Түркияда өтетін халықаралық турнирге қатысу ойда бар. Ол жаққа мықты командалар келуі мүмкін. Мұндай турнирлер біздің құрама үшін пайдасы зор. Алдағы уақытта кеңестің құрамалар арасында Достастық кубогын ұйымдастыруға да болады. Ол турнирде бірақ жасы 25-ке жетпеген футболшылар қатысуы керек. 

- Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін мүмкіндігіміз бар ма?

- Мен бұл туралы Черчесовпен сөйлестім. Жолдастық кездесу өткізу туралы ұсыныс айттым. Бірақ қалай боларын білмеймін. Негізі әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмай қалған ұжымдарға көп ұсыныс түседі. Бізге де түсіп жатыр. ол жұмыстармен қазір федерация айналысуда. 

Еске салайық, Польша мен Қазақстан арасындағы кездесу 4 қыркүйек күні Астана уақытымен 00:45-те басталады. 




  Пікір: 0
  0