auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Конфедерация кубогын Португалия ұтады – болжам

Конфедерация кубогын Португалия ұтады – болжам
17 маусым мен 2 шілде аралығында Ресейде футболдан Конфедерация кубогы турнирі өтеді. Халықаралық жарысқа ресейлік сарапшылар өз болжамдарын ұсынды.

Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің стратегиялық зерттеу орталығының сарапшылары халықаралық турнирде Португалия құрамасы жеңімпаз атанады деген болжам жасады. Олар болжам жасауға елдің дамуы, саяси-экономикалық жағдайы, тарихи және спорттық саласы, құрамалардың соңғы жетістіктері мен ойындарына сүйенген. Мұның барлығы команданың жеңіске жетуіне себепші фактор ретінде қарастырылған.

Ресейлік сарапшылардың болжамы бойынша жартылай финалда Ресей – Германия, Чили – Португалия құрамалары кездеседі. «Финалда португалдықтар немістерді, үшінші орын үшін таласта чилиліктер ресейліктерден айласын асырады» - деген ойға келген.

Айта кетейік, Ресейдегі Конфедерация кубогына 8 ұлттық құрама қатысады. Олар 2 топқа бөлінген.

«A» тобы: Ресей, Жаңа Зеландия, Португалия, Мексика.

«B» тобы: Камерун, Чили, Аустралия, Германия.

Ойындар кестесі:

17 маусым

21:00. Ресей – Жаңа Зеландия. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург» стадионы.

18 маусым

21:00. Португалия – Мексика. Қазан. «Казань Арена» стадионы.
00:00. Камерун – Чили. Мәскеу. «Спартак» стадионы.

19 маусым

21:00. Аустралия – Германия. Сочи. «Фишт» стадионы.

21 маусым

21:00. Ресей – Португалия. Мәскеу. «Спартак» стадионы.
00:00. Мексика – Жаңа Зеландия. Сочи. «Фишт» стадионы.

22 маусым

21:00. Камерун – Аустралия. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург» стадионы.
00:00. Германия – Чили. Қазан. «Казань Арена» стадионы.

24 маусым

21:00. Мексика – Ресей. Қазан. «Казань Арена» стадионы.
00:00. Жаңа Зеландия – Португалия. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург» стадионы.

25 маусым

21:00. Чили – Аустралия. Мәскеу. «Спартак» стадионы.
00:00. Германия – Камерун. Сочи. «Фишт» стадионы.

28 маусым

00:00. Жартылай финал 1. A1 – B2. Қазан. «Казань Арена» стадионы.

29 маусым

00:00. Жартылай финал 2. B1 – A2. Сочи. «Фишт» стадионы.

2 шілде

18:00. Үшінші орынға талас. Мәскеу. «Спартак» стадионы.
00:00. Финал. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург» стадионы.

*Ойындар Астана уақытымен көрсетілген

Конфедерация кубогын елімізде «KazSport» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
19 маусым 2023, 12:08
Ұлттық құрамалар
©ҚФФ УЕФА Қазақстан қақпашысын атап өтті

Жарнама

Жарнама