Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Неймар бұрынғы клубы "Барселонаны" сотқа берді

Неймар "ПСЖ" сапына жазда "Барселона" сапынан 222 миллион еуроға ауысып келген еді.


©: FourFourTwo
©: FourFourTwo
"Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар бұған дейін өнер көрсеткен "Барселона" клубын сотқа берді. Бұл туралы El Mundo басылымы хабарлайды. 

Оған себеп "Барселонаның" 2016 жылы клубпен келісімшартын ұзартқаны үшін Неймарға сыйақының екінші жартысын төлемеуі себеп болған. Келісімшарт бойынша, сомма бразилиялық шабуылшының есепшотына екі бөлініп түсуі керек болған. Бірақ екінші транш бразилиялықтың ПСЖ сапына ауысқаны үшін түспеген. 

Неймар осы үшін де 30 миллион еуро сыйақысынан қағылыпты. Оның айтуынша, каталониялық клуб бұл сыйақыны төлемей қоюға негіз болмапты. 

Өз кезегінде "Барселона" сыйақыны төлеп бермейтінін айтады. Себебі, Неймар "ПСЖ" сапына ауысуы үшін келісімшартты өзі бұзған. Каталониялық клуб сол үшін де 75 миллион еуро шығынға батып, Неймарға қарсы шағым білдірген. 

Неймар "ПСЖ" сапына жазда "Барселона" сапынан 222 миллион еуроға ауысып келген еді. Каталониялық клуб сапында ол төрт жыл ойнап, екі рет Испания біріншілігін және бір рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. 

БАҚ мәліметі бойынша, бразилиялық шабуылшы жаңа клубы сапында өзін ыңғайсыз сезінеді екен. Сондықтан да Неймар жазда "Реал" сапына ауысуы мүмкін деген мәлімет бар. Ол үшін шабуылшы аз жалақы алуға да дайын екен. 




  Пікір: 0
  0