Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Криштиану Роналду "Реалдың" Испания кубогінен шығып қалуына кім кінәлі екенін атады

Бұл ойынға португалиялық шабуылшының өзі қатыспады.


Криштиану Роналду. Сурет: 101greatgoals.com
Криштиану Роналду. Сурет: 101greatgoals.com
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду Испания кубогінің ширек финалдық кезеңінде "Леганес" (1:2) клубынан жеңілген әріптестерінің өнеріне көңілі толмады, деп жазады "Спорт-Экспресс". 

Express басылымының мәліметі бойынша, португалиялық шабуылшыға бұл ойында қақпашы Кико Касилья, қорғаушы Ашраф Хакими және жартылай қорғаушы Маркос Льорентенің ойындары көңілінен шықпапты. 

Роналдудың өзі бұл ойынға қатысатын футболшылардың тізіміне енген жоқ. Себебі, ол Испания біріншілігінде "Депортиво" (7:1 клубына қарсы кездесуде жарақат алып қалған болатын. Сонымен қатар бұл ойында мадридтік команда сапында Гарет Бэйл, Луак Модрич және Марсело секілді футболшылар ойнаған жоқ. 

Ойыннан кейін бұл жеңіліс үшін кінәні толығымен "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан алып отыр. 

"Бұл біз үшін сәтсіз нәтиже. Мұны толық мойындаймын. Нәтижеге мен жауап беремін. Ойыншыларыма ашуланып отырған жоқпын. Мен тек өзіме ашулымын. Футболшыларымның барлығы тырысты, жүгірді, жақсы ойнады. Бірақ шамалы сәттілік жетіспеді. Мен кінәлімін. Бұл жағдайды мұқият бағамдау керекпіз. Бірінші кезекте мен сараптау керекпін. Сосын бұл жағдайдан қалай шығу туралы шешім шығару керек", - деп келтіреді Зиданның сөзін Marca басылымы. 

Еске салайық, Испания кубогінің ширек финалындағы бірінші ойында "Реал" 1:0 есебімен жеңген болатын. Жауапты кездесуде "карольдік клуб" "Леганестен" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша "Реал" төртінші жыл қатарынан кубоктік бәсекеден шығып қалып отыр. 










  Пікір: 0
  0