Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Санчес "Манчетер Юнайтедке", Мхитарян "Арсеналға" ауысты

Екі команда да жаңа ойыншыларымен қанша уақыт келісімшарт жасасқаны жарияланған жоқ.


©:10nd.in
©:10nd.in
Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" пен "Арсенал" футбол клубтары ойыншы алмасты. "Қызыл сойқандар" сапынан Генрих Мхитарян Лондонға жол тартса, Алексис Санчес манкуниандық командаға келді.

Командалар ойыншылар үшін ақша шығындаған жоқ. Екі футболшының да трансфер құнын тең бағалап, ресми түрде алмасты.

29 жастағы Алексис Санчес "Арсенал" сапында 3,5 маусым ойнады. Бұл аралықта екі рет Англия кубогы мен үш рет Суперкубокты иеленді. 122 ойынға қатысып, 60 гол соқты. 29 рет нәтижелі пас берген. Алексис лондондық клубқа дейін "Барселона" (Испания), "Удинезе" (Италия), "Ривер Плейт" (Аргентина), "Коло-Коло" және "Кобрелоа" (екеуі де – Чили) клубтарында ойнаған.

Генрих Мхитарян "Манчестер Юнайтедте" 1,5 маусым ойнады. Еуропа лигасы, Англия Суперкубогы мен Анлия лигасы кубогын жеңіп алды. 39 ойынға қатысып, 6 нәтижелі пас беріп, 5 гол соққан. Манкуниандық командаға дейін ол "Боруссия д" (Германия), "Шахтер" (Украина), "Металлург" (Украина) және "Пюник" (Армения) клубтарында доп тепкен.

Екі команда да жаңа ойыншыларымен қанша уақыт келісімшарт жасасқаны жарияланған жоқ.

  Пікір: 0
  0