Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Астанада" ойнаған Максимович "Валенсия" сапындағы бірінші голын соқты

Футболшы 2017 жылдың жазында испандық клубтың қатарын толықтырған болатын.


Сурет "Валенсия" клубының ресми сайтынан алынды.
Сурет "Валенсия" клубының ресми сайтынан алынды.
"Астана" футбол клубында ойнап кеткен серб жартылай қорғаушысы Неманья Максимович "Валенсия" сапындағы алғашқы голын соқты.

Футболшы 2017 жылдың жазында испандық клубтың қатарын толықтырған болатын. Негізгі құрамдағы ойыншы болмаса да, одан бергі аралықта арагідік алаңға шығып жүр. Түнде Испания кубогының 1/8 финалындағы "Лас-Пальмасқа" қарсы қарымта ойында гол соғып, көзге түсті. Бұл - серб ойыншысының "Валенсия" сапындағы алғашқы голы.



Ойында Неманья Максимовичтің командасы 4:0 есебімен жеңіске жетті. Қалған үш голды да Лусиано Вьетто соқты.

Сербия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы "Валенсия" футбол клубымен 2022 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Бейресми деректер бойынша футболшы осы жылдар аралығында 7 миллион еуро көлемінде еңбекақы алады.

Неманья Максимовичтің испандық команда сапына ауысатыны 2015 жылдың аяғында белгілі болған еді. Бірақ "Валенсия" футболшыны "Астанадан" сатып алмай, келісімшартының аяқталғанын күтті.

Жартылай қорғаушы екі маусым ішінде елордалық клуб қатарында 79 ойынға қатысып, 12 гол соқты. Командамен екі рет ел чемпионы және кубок иегері атанды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.

  Пікір: 1
  0  

Пікірлер

 
 
Актоты Абнасирова 10 қаңтар 13:58
Мәртебе: Қараушы
Рейтинг: 1
Qazakshasu kaida tusunbedim kattu aitsam renzhisinder