Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барселона" Коутиньоны сатып алғаннан кейін ақшасыз қалды

2017/2018 жылғы маусымда клуб 312 миллион еуроға шығындалды.

Сурет "Барселонаның" ресми сайтынан алынды.
0 пікір
61
10 қаңтар 12:28
Каталониялық "Барселона" ақшасыз қалды. Бұл туралы Marca басылымы хабарлап отыр. 

Каталониялық клубтың соңғы сатып алған футболшысы "Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо болды. Бұл футболшы үшін "Барселона" 120 миллион еуроға шығындалды. Осылайша 2017/2018 жылғы маусымда клуб 312 миллион еуроға шығындалды. Ал жуық арада клуб 12 миллионға колумбиялық қорғаушы Йерри Минаны сатып алмақшы. 

Клубтың матчқа билеттердің сатылымынан және мұражға келетін қонақтардан түсетін пайда да азайыпты. Сондықтан клуб басшылары жаңа демеушілер іздестіріп жатыр. Бірақ Каталониядағы саяси жағдайларға байланысты жақсы демеуші табу қиынға соғып отыр. 

Бұл жағдай "Барселонаның" биылғы жоспарларына әжептеуір кедергі келтіруі де мүмкін. Клуб биыл "Камп Ноу" стадионын жөндеу жұмыстарынан өткізуді жоспарлаған еді. Егер клубтың қарызы 200 миллион еуроға қысқармаса, ал болжам бойынша клубтың қарызы 300 миллион еуро, стадионның құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталмайды екен. 

2017 жылдың жазында "Барселона" бразилиялық шабуылшы Неймарды "Пари Сен-Жермен" клубына рекордтық 222 миллион еуроға сатқан болатын. Оның орнына дортмундтық "Боруссиядан" франциялық жартылай қорғаушы Усман Дембелені 105 миллион еуроға сатып алды. Сонымен қатар каталониялық клуб сапында жартылай қорғаушы Паулиньо (40 миллион еуро) шабуылшы Жерар Деулафеу (12 миллион еуро), қорғаушы Нелсон Семеду (30,5 миллион еуро) және Марлон (бес миллион еуро) толықтырды. 

Биылғы маусымда "Барселона" Испания біріншілігінде бірінші орында келеді. Команда екінші келе жатқан мадридтік "Атлетико" клубынан тоғыз ұпай алда тұр. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
61
10 қаңтар 12:28
Новости