Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері неміс бундеслигасында өнер көрсететін команданы жаттықтыруы мүмкін

Ол төрт жыл Қазақстанда жұмыс істеген болатын.


Бернд Шторк. Reuters©
Бернд Шторк. Reuters©
Неміс бундеслигасында өнер көрсететін "Кельн" командасының тізгінін Бернд Шторк ұстауы мүмкін. Бұл туралы Express.de порталы Kölner Stadt-Anzeiger газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сонымен қатар "Кельн" командасының бас бапкері болуыға Маркус Анфаг, Йенс Келлер және голландиялық маман Йос Лухукай үмітті. 

Турнир кестесінде соңғы, 18-орында келе жатқан "Кельн" 3 желтоқсан күні бас бапкері Петер Штегерді қызметінен босатты. Ол арада бір аптадан кейін дортмундтық "Боруссия" клубының бас бапкері болып бекітілді. 

Қазіргі уақытта "Кельн" клубының бас бапкері қызметін уақытқа Стефан Рутенбек атқарып келеді. Рутенбек осы уақытқа дейін команданың жастар құрамын жаттықтырған. 

Бұған дейін Шторк бундеслигада "Штутгарт", "Герта", "Вольфсбург" және дортмундық "Боруссия" клубтарында бапкердің көмекшісі болып қызмет атқарған. 2008 жылы ол отанын кетіп, төрт жыл Қазақстанда қызмет атқарды. Елімізде ол Қазақстан жастар, жасөспірімдер, Ұлттық құрама және "Алма-Ата" мен "Цесна" клубтарының жаттықтырушысы болды. 

2015 жылдан 2017 жылғы дейін 54 жастағы маман Венгрия құрамасының бас бапкері болып, құраманы 2016 жылғы Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне алып шықты. Неміс маманын Венгрия қрамасынан 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңін сәтсіз өткізгені үшін қызметінен қуып жіберді. 





  Пікір: 0
  0