Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Реал" клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Бұл ойында Роналду клубтар арасындағы әлем біріншілігінің үздік сүрмергені атанды.


©: eurosport
©: eurosport
Мадридтік "Реал" тартысты кездесуде БАӘ-нің "Аль-Джазира" клубын жеңіп, клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.

Абу-Дабиде өткен жартылай финалдық кездесу 2:1 есебімен "Реалдың" пайдасына аяқталды. Негізі есепті алаң қожайындары ашқан еді. Кездесудің 41-минутында Ромариньо көзге түсті. Зинедин Зидан командасының сапында 53-минутта Криштиану Роналду мен 81-минутта Гарет Бэйл гол соқты. 

Ойынның 47-минутында "Аль-Джазира" клубының жартылай қорғаушысы Мбарк Буссуфа алаң қожайындарының екінші голын соққан еді. Бірақ кездесудің бас төрешісі Сандро Риччи бейнеқайталауды көргеннен кейін, голды есепке алмады. 



Бұл ойын барысында Роналду клубтар арасындағы әлем біріншілігінің үздік сүрмергені атанды. Оның еншісінде енді алты гол бар. 

16 желтоқсан күні өтетін финалдық кездесуде "Реал" бразилиялық "Гремио" клубымен кездеседі. Дәл осы күні "Аль-Джазира" мен мексикалық "Пачука" клубтары үшінші орынды сарапқа салады. 






  Пікір: 0
  0