Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Алтын доптар" саны бойынша Роналду Мессимен теңесе ме?

Португалдық футболшы "Алтын допты" осыған дейін төрт рет иеленді.


Мадридтік "Реал" мен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2017 жылдың үздік футболшысына берілетін мәртебелі жүлде "Алтын допты" иеленуі әбден мүмкін. Бұл туралы Испанияның "El Mundo Deportivo" басылымы хабарлады.

Басылым таратқан ақпарат бойынша "Алтын допты" кімдердің табыстайтыны да белгілі. Биылғы салтанатты шара 7 желтоқсан күні Париждегі Эйфель мұнарасында өтеді. Кешті Жером Ревон мен танымал футболшылардың бірі болған Давид Жинола жүргізетін көрінеді. Роналду мансабындағы бесінші "Алтын добын" иеленіп, Мессимен теңесуі бек мүмкін.

Португалдық футболшы "Алтын допты" осыған дейін төрт рет (2008, 2013, 2014, 2016) иеленді. Ал Лионель Месси (2009, 2010, 2011, 2012, 2015) бес рет жеңіп алған жалғыз ойыншы.

Айта кетейік, "France Football" журналы өткен жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде биылдан бастап үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өтеді. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы француз басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, "Алтын доп" иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. ФИФА бұл марапатты табыстаған тұста тілшілермен қатар, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен капитандары да дауыс беруге қатысқан болатын.


  Пікір: 0
  0