auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Дүбірлі доп додасының жеребесі тартылды

Дүбірлі доп додасының жеребесі тартылды
Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Мәскеуде өткен жеребе тастау рәсімінде финалдық кезеңге жолдама алған 32 құрама топтағы қарсыластарын білді.

Жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Ресей құрамасы А тобына алдын-ала орналасқан. Өзге құрамалар ФИФА рейтингіндегі орындарына байланысты төрт қоржынға жіктелген еді. Осы жүйе бойынша жеребе тартылып, құрамалардың қарсыластары анықталды.

Мәскеудегі салтанатты шараны бұрынғы ағылшын футболшысы Гари Линекер мен ресейлік тележүргізуші Мария Командная жүргізді. Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлеп ашты. Ал француз Лоран Блан, ағылшын Гордон Бэнкс, италиялық Фабио Каннаваро, бразилиялық Кафу, неміс Мирослав Клозе, аргентиналық  Диего Марадона, испандық Карлес Пуйоль, уругвайлық Диего Форлан және ресейлік Никита Симонян құрметті қонақтар қатарында болды.

А тобы: Ресей, Египет, Сауд Арабиясы, Уругвай;

В тобы: Португалия, Испания, Марокко, Иран;

С тобы: Франция, Перу, Дания, Аустралия;

D тобы: Аргентина, Хорватия, Исландия, Нигерия;

Е тобы: Бразилия, Швейцария, Коста-Рика, Сербия;

F тобы: Германия, Мексика, Швеция, Оңтүстік Корея;

G тобы: Бельгия, Панама, Тунис, Англия;

Н тобы: Польша, Колумбия, Сенегал, Жапония;

Әлем чемпионатының ашылу ойыны Ресей мен Сауд Арабиясы құрамалары арасында өтеді.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
©instagram.com/pele Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
©La Chismería/Facebook/kystar/Instagram Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты

Жарнама

Жарнама