Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Еуропадан әлем чемпионатына шыққан барлық құрамалар белгілі болды

Негізі жолдама алған 30 құрама белгілі.


Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына Еуропадағы іріктеу кезеңі аяқталып, жолдама алған барлық құрамалар белгілі болды. Кәрі құрлықтан соңғы жолдаманы Дания құрамасы жеңіп алды.

Даттар Ирландияға қарсы қарымта ойында бар күш-жігерін салды. Нәтижесінде Дублинде өткен кездесуде Дания құрамасы алаң иелерін 5:1 есебімен ұтты. Алдымен 6 минутта Шейн Даффи алаң иелерін алға шығарғанмен, Скандинавия түбегі елінің бірінші тайм аяқталғанша екі гол соғып үлгерді. Ал екінші таймда тағы үш гол соқты. Ойында Кристиан Эриксен хет-трик жасаса, Андреас Кристенсен мен Николас Бендтнер бір-бір голдан соқты.



Қос құрама арасындағы бірінші ойында 0:0 есебі тіркелген болатын.

Сонымен Ресейдегі әлем чемпионатына Еуропадан Ресей, Франция, Португалия, Германия, Сербия, Польша, Англия, Испания, Бельгия, Исландия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Дания құрамалары қатысады. Негізі жолдама алған 30 құрама белгілі.

Айта кетейік, қазіргі таңда әлем чемпионатына жолдама алған 30 құрама белгілі. Бүгін тағы 2 құрама жолдаманы иеленеді. Ал жеребе тастау рәсімі 1 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.
  Пікір: 0
  0