Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Криштиану Роналду келер жылдың жазында "Реалдан" кеткісі келеді

Бірақ "Реал" президенті Роналдуды сатудан бас тартып отыр.


Сурет:  Getty Images
Сурет: Getty Images
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду осы маусым аяқталған соң командадан кеткісі келеді. Бұл туралы португалиялық ойыншы клубтың президенті Флорентино Переске айтқан, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы El Chiringuito басылымына сілтеме жасап. 

Бірақ Перес команданың негізгі футболшысын 2018 жылдың маусымында сатудан бас тартып отыр. Сондықтан да Роналдуға жаңа ұсыныс жасалған. Дегенмен ол ұсыныстан бас тартыпты. 

Испаниялық тілшілердің мәліметі бойынша, Роналду "Реал" басшылары оны дұрыс бағаламайды деп санайды екен. Өткен жазда шабуылшы франциялық Килиан Мбаппені сатып алуды ұсынған. Бірақ клуб басшылары бұл өтінішті орындамаған. Міне, осы себептерге байланысты Роналду клуб басшыларынан көңілі қалып, команда ауыстырғысы келеді. 

Оның үстіне өткен аптада "Реалдың" Неймарды сатып алуы мүмкін деген ақпарат та шықты. Бұл жаңалық та Роналдудың көңілінен шықпаған. Алайда кейіннен "корольдік клуб" бразилиялық шабуылшыны Роналдудың келісімшарты аяқталғаннан кейін ғана сатып алады деген мәлімет шықты. 

Айта кетейік, Криштиану Роналдудың "Реал" клубымен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жасалған. 






  Пікір: 0
  0