Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Мәскеу қаласында 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатының ресми добын таныстырды. Бұл туралы
"Р-Спорт" порталы хабарлайды.
"Маған доп пен оның түсі қатты ұнады. Мен допты іс жүзінде де тексеріп көрдім. Жақсы доп", - деді Месси ресми таныстырылым кезінде.
"Telstar 18" деген атау алған доп алты панельден құрылып, тігін жүргізілген жерлері мүлде байқалмайды.
Айта кетейік, Ресей жеріндегі әлем біріншілігі келер жылы 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирдің кездесулерін Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Казан, Нижний Новогород, Самара, Саранск, Ростов, Сочи және Екатеринбург қалаларында өтеді.
Жарнама