auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ жігіті Моңғолия құрамасы тарихында тұңғыш болып хэт-трик жасады

Қазақ жігіті Моңғолия құрамасы тарихында тұңғыш болып хэт-трик жасады
Қазақ жігіті Жансерік Маратханұлы Моңғолия футбол тарихында ресми ойындарда бірінші болып хэт-трик жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін Моңғолия футбол тарихында мейлі жастар болсын, мейлі Ұлттық құрама сапында болсын ешкімде ресми кездесулерде үш гол соғып, хэт-трик жасамаған. Маратханұлы хэт-трикті Азия біріншілігінің жастар арасындағы (19 жасқа дейінгі) іріктеу кезеңінде Сингапур құрамасына жасады. Ал ойын жалпы 4:2 есебімен аяқталды. 

Кездесу барысында Моңғолия құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Содан соң Маратханұлы командасына жеңіске жетуге көмектесті. Бірінші таймның соңында ол пенальтиді сәтті орындаса, екінші таймда қарсы шабуылдан, ал үшінші голды ойынның аяқталуына үш минут қалғанда соқты. 

Ойын соңында Сингапур құрамасының екі футболшысы қызыл қағаз алса, қосалқы құрамда отырған тағы бір ойыншы алаңнан қуылды. Осылайша Моңғолия құрамасы сан басымдығын сәтті пайдаланып, қосымша уақытта төртінші голды соқты. 



Дегенмен де бұл жеңіс Моңғолия құрамасын келесі кезеңге алып шықпады. Өйткені, бұған дейін олар Жапония құрамасы (0:7) мен Тайландтан (2:5) жеңіліп қалған еді. 



18 жастағы Маратханұлы қазіргі уақытта елдің бас шаһары Ұлан-Батор қаласында тұрып, жергілікті "Дэрэн" клубында өнер көрсетеді. Өткен жылы ол Маңғолия ұлттық құрамасына да шақырту алып, құрама тарихындағы ең жас ойыншы танды. Бірақ Ұлттық құрамасы үшін әлі бірде-бір кездесуге қатысқан жоқ. 











Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
©instagram.com/pele Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
©La Chismería/Facebook/kystar/Instagram Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты

Жарнама

Жарнама