Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Арьен Роббен Нидерланд құрамасындағы мансабын аяқтады

Бұл туралы түнде Швеция құрамасымен өткен ойыннан кейін айтқан .


Life.ru
Life.ru
Мюнхендік "Баварияның" жартылай қорғаушысы Арьен Роббен ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы түнде Швеция құрамасымен өткен ойыннан кейін айтқан .

33 жастағы футболшы шведтерге қарсы соңғы ойынында екі гол соғып, дубль жасады. Алайда Нидерланд құрамасы жеңіске жеткенмен қосымша жолдамаға таласуға мүмкіндігі жетпеді. Себебі олар Швеция құрамасын жеті доп айырмашылығымен ұтуы тиіс еді.

- Мен өзімнің қаншалықты қауқарлы екенімді көрсеткім келді. Осындай құлшыныспен алаңға шықтым. Ұлттық құрамадан кету жайлы ұзақ ойландым. Бұдан ертерек кетсем бе деп те жүргенмін. Дегенмен іріктеу кезеңін аяқтауды жөн деп шештім, - деді Арьен Роббен.

Жартылай қорғаушы ұлттық құрама сапына алғаш рет 2003 жылы шақыртылған. Одан бергі аралықта 96 ойынға қатысып, 37 гол соққан. Нидерланд құрамасымен бірге 2004 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 2010 жылы әлем чемпионатының финалында ұтылып, күміс иеленді. Бразилияда өткен әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді.  2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін сүреңсіз өткізіп, финалдық кезеңге шыға алмады.
  Пікір: 0
  0