auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Роналду, Месси және Буффон. Еуропаның үздік футболшысы атануға кім лайық?

Роналду, Месси және Буффон. Еуропаның үздік футболшысы атануға кім лайық?
УЕФА Джанлуиджи Буффон (Италия, "Ювентус"), Лионель Месси (Аргентина, "Барселона") және Криштиану Роналдуды (Португалия, "Реал")  2018/17 жылғы маусымның үздік футболшысы атағына басты үміткер ретінде таңдап алды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты. 

Еуропаның үздік футболшысы 24 тамыз күні Монакода 2017/18 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылатын сәтте анықталады. 

Үздік үштіктің есімдері бір ай уақыттың ішінде 2016/17 жылғы маусымда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсеткен клубтардың бас бапкерлері мен Еуропа спорт басылымы қауымдастығына (ESM)  мүше 50 тілшілер мен УЕФА өкілдері дауыс беру арқылы жасақталды. Оның қорытындысы бойынша Лионель Месси, Джанлуиджи Буффон және Криштиану Роналду таңдалынып алынды. 

Үздік үштікке енбеген үздік ондықтық тізімі келесідей:

4: Лука Модрич (Хорватия, "Реал") 
5: Тони Кроос (Германия, "Реал")
6: Пауло Дибала (Аргентина, "Ювентус")
7: Серхио Рамос (Испания, "Реал")
8: Килиан Мбаппе (Франция, "Монако")
9: Роберт Левандовски (Польша, "Бавария")
10: Златан Ибрагимович (Швеция, "Манчестер Юнайтед")

Месси мен Роналду бұл атақты екі-екі реттен жеңіп алған. Аргентиналық шабуылшы 2010/11 және 2014/15 жылдары үздік атанса, португалиялық шабуылшы 2012/13 және 2015/16 "қарт құрлықтың" ең үздік футболшысы атанды. 

Айта кетейік, 25 тамыз күні, Еуропа лигасының 2017/18 жылғы маусымының топтық кезең жеребесі тартылатын күні бұл турнирдің де үздіктері анықталады. Бұл атаққа "Манчестер Юнайтедтің" үш ойыншысы - Златан Ибрагимович, Генрих Мхитарян және Поль Погба үмітті. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
©instagram.com/pele Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
©La Chismería/Facebook/kystar/Instagram Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты

Жарнама

Жарнама