Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Диего Соуза команда тарихындағы ең жылдам голды соқты. Футболшы Аустралиямен өткен жолдастық кездесудің 10-шы секундында-ақ есеп ашты.
Ойынды Аустралия құрамасы бастаған. Араға санаулы секундтар сала
Виктор Жулиано допқа ие болып,
Диего Соузаға пас асырды. Бразилиялықтың тепкен добы қақпа торынан табылды.
Ойында Бразилия құрамасы алаң иелерін 4:0 есебімен жеңді.
Диего Соуза дубль орындаса,
Тиаго Сильва мен
Тайсон бір-бір голдан соқты.
Жарнама