auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Төрешіні соққыға жыққан футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді

Төрешіні соққыға жыққан футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді
видеодан үзінді
Португалияның үшінші дивизионындағы командалар ойынында дау шықты. "Канелас 2010" командасының шабуылшысы Марко Гонсалвеш алдымен қарсылас команданың ойыншысын, кейіннен төрешіні соққыға жыққан. Нәтижесінде футболшы өмір бойына спорттан шеттетілді.

Жасыл алаңдағы қақтығыс ойынның 2 минутында орын алған. Алдымен Марко Гонсалвеш қарсылас команданың ойыншысын жұдырықтап ұрады. Кейіннен "қызыл қағаз" көрсеткен төрешіні тізесімен дәл тұмсығынан тепкен.  Алаңға тәртіп сақшылары шығып, футболшыны тұтқындаған. Ал ойын қақтығыстан кейін жалғасқан жоқ. Жарақат алған бас төреші ауруханаға жеткізілген. Дегенмен Марко Гонсалвеш алаңдағы қақтығыста өзін айыпты санамайды.



- Мен төрешіні қалай ұрғаным есімде жоқ. Шамасы ол мені кеудемнен итеріп жіберсе керек. Мен сот алдында оның отбасынан кешірім сұрауға дайынмын. Ал қарсылас команданың ойыншысы мені арандатуға тырысып, ауыр сөздер айтты. Балағаттады. Мен есемді жібергім келген жоқ. Жай түртіп қалғаным сол еді, жас бала секілді жылап жіберді. Төреші қызыл қағаз көрсетті. Мен оған әдейі қол көтерген жоқпын. Ол менің намысыма тиді, - деді футболшы.

Бір қызығы, "Канелас 2010" командасына қарсы өзге командалар ойнағысы келмейді екен. Команда осыған дейінгі 17 ойынның 16-да жеңіске жеткен. Оның 12-де қарсыластары ойнаудан бас тартқан. Себебі "Канелас 2010" футболшылары алаңда өте дөрекі ойнайтын көрінеді. Сондықтан да көбіне қарсыластары олармен ойнап жарақат алғанша, техникалық жеңіліс пен 750 еуро көлеміндегі айыппұлды төлей салуды жөн санайды екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
©instagram.com/pele Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
©La Chismería/Facebook/kystar/Instagram Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты

Жарнама

Жарнама