Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Ирландия құрамасы капитанының аяғы ойын кезінде морт сынды
Ирландия құрамасының капитаны Шеймус Коулмен 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі барысында Уэльс құрамсына қарсы өткізген кездесу барысында аяғын морт сындырып алды. Бұл туралы Sky Sports порталы хабарлайды.
Кездесу сенбі күні Дублинде өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталды. Ойынның 69 минутында қонақтардың қорғаушысы Нил Тейлор Коулмен аяғынан шалып қалды. Нәтижесінде ирландиялық футболшы ауып жарақат алды. Бұл әрекеті үшін Тейлор алаңнан қуылса, капитанды дәрігерлер алаңнан зембілмен алып кетті.
Ойын аяқталғаннан кейін Ирлания құрамасының бас бапкері Мартин О'Нил Коулменнің аяғы сынғанын хабарлады.
Жарнама