"Бұл да бір тарих". Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені қазақстандықтарға алғыс айтты

©ҚФФ

Футзалдан Еуро-2022 турнирінің үздік сұрмергені Біржан Оразов Қазақстан құрамасының жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Оразов Еуропа біріншілігінде жеті гол соғып, үздік сұрмерген атанды. Сондай-ақ, оның еншісінде екі нәтижелі пас бар. 

"Құттықтауларыңызға рахмет! Қазақ елі, бұл менің ғана жеңісім емес. Бұл футзал сүйер қауымға, еліме сыйлаған жеңісім! Осы жолы Европа чемпионы атанбасақ та, қара көз қазақ ұлының есімі Европа чемпионатының тарыхында үздік бомбардир ретінді жазылды. Бұл да бір тарих", - деп жазды Оразов Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Еуро-2022 турнирінде Қазақстан құрамасы төрт ғана кездесу өткізді. Ширек финалда Каканың командасы Украинадан 3:5 есебімен ұтылды. Ал чемпион финалда Ресей құрамасын жеңген Португалия атанды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар