Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло За кем следить в марте Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алматыда студенттер арасындағы футзалдан әлем чемпионаты өтеді

Алматыда тамыздың 19-ы мен 26-ы аралығында өтеді.

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен
0
174
6 тамыз 2018 12:20
Алматыда тамыздың 19-ы мен 26-ы аралығында өтетін на бір айдай уақыт қалды. Теңбіл доп додасына төрткүл дүниенің 16 ер және 9 әйелдер құрамалары жарыс жолына шығады.  Бұл спорт мерекесі жайында Ұлттық студенттік лиганың басшысы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков  атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

"Біздің еліміз ірі спорттық іс-шараларды өткізуде зор тәжірибеге ие. Тек соңғы жылдардың  өзінде Қазақстанда, атап айтқанда, Алматыда әлемдік деңгейдегі көптеген спорт жарыстары өткізілді.Футзал сияқты динамикалық және әсерлі спорт түрінен әлем чемпионаты  біздің қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке болмақ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен барлық спорт сүйер қауымды әлемді мойындатқан спорт шеберлерінің жарысын тамашалап, жанкүйер болуларыңызға шақырамын. Алматылық "Қайрат" футзал клубының әлемдік аренадағы жетістіктерінің арқасында Қазақстан осы спорт түрін дамытып жатқан елдер арасында. Алматыда өтетін студенттер арасындағы әлем чемпионаты  осыған дәлел", - деп өз ойымен Дамир Шыныбеков бөлісті.

Сондай-ақ, Ұлттық студенттік лиганың президенті Қазақстан әлем чемпионатын өткізу құқығын қандай жағдайларда алғанын атап өтті:

"Бұл 2015 жылдың қазан айында болған. Әлемнің бірнеше ірі қалалары осындай ауқымды турнирді өткізу құқығына таласты, нәтижесінде FISU шешімімен таңдау Алматыға түсті. Бұл ауқымды оқиға алғаш рет ТМД аумағында өткізілетінін атап өту керек", - деді Дамир Әбдухалиұлы.

Сонымен қатар, Алматыда  дүниежүзінің  ең мықты футзал командалары әлем чемпионы атағын сарапқа салатын болады. Жарыстар барлық заманауи талаптарға жауап беретін екі ірі спорт кешенінде - Almaty Arena  және Halyk Arena  өтеді.

Әлем чемпионатының ұйымдастырушылары - FISU, Қазақстан студенттік спорт федерациясы, футзал  Ұлттық студенттік лига. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласының әкімдігі кірді.









Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
0
174
6 тамыз 2018 12:20
Новости