Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Финалға деген бір қадам. Қазақстан мен Испания арасындағы кездесуге шолу

Бүгін Еуропа біріншілігінің жартылай финал ойындары өтеді.


©:sport.es
©:sport.es
8-ақпаннан 9-ақпанға ауысқан түні Словенияда өтіп жатқан футзалдан Еуропа біріншілігінің финалында ойнайтын екі команда анықталады. Жартылай финалдың бірінші жұбында Ресей мен Португалия құрамасы кездессе, екінші жұпта Қазақстан мен Испания ойнайды. Осы орайда Vesti.kz екінші жұптағы жартылай финалға шолу жасағанды жөн көріп отыр. 

Қазақстан мен Испания осымен өзара бесінші рет кездесейін деп жатыр. Бұған дейінгі төрт кездесуде "қызыл фурияның" мерейі үстем болған. Доп көрсеткіші де испандықтардың пайдасына - 22-5. Өткен кездесулердің барлығында да Испания құрамасы санылып келді. Себебі, бұл құраманың сапында азуын айға білеген шеберлер көп еді. Бірақ, бұл жолы қарсыласымыз анық фоварит емес. Какау тәлімгерлері қазір қарсыластан осал емес. Тіпті жеңіп те кетуіміз мүмкін. Сөйтіп, тарихқа енуіміз де ғажап емес. 

Осыдан екі жыл бұрын Белградта өткен Еуропа біріншілігінің жартылай финалында да біз испандықтармен кездескен еді. Алайда, ол кезде сары қағазды шектен тыс алғандығына байланысты Игита ол ойынға қатыса алмады. Ал Игита біздің команданың ең маңызды ойыншысы. Егер Игитамыз Сербия құрамасына қарсы өткен кездесудегі ерлігін қайталайтын болса, біздің мүмкіндік тағы да арта түсері анық. 



Осы додадан кейін Какау құрамадан кетемін деді. Сондықтан бразилиялық бас бапкері (мүмкін) соңғы ойынға тәлімгерлерін тиянақты дайындап шығатынына шүбә келтірмейміз. Дегенмен Какаудың көпшіліктің алдында "кетемін" дегені ойыншыларымыздың психологиясына әсер етуі ықтимал. Осыны да ұмытпағанымыз жөн. 

Дейтұрғанмен де, біз құрамамызға сенім білдіреміз. Әрине, қазіргі Испанияны да "қалпақпен" ұрып алатын қарсылас дей алмаймыз. Пола, Мигелин, Лин, Ортис, Пако Седано секілді саңлақтары бар қарсыласымыз турнирдің топтық кезеңін сәтті бастамаса да, плей-офф кезеңіне қарай "оталып" келеді. Енді біздің бапкерге осы жігіттерді тұсап ұстайтын амал табу керек. 



Испанияда қарсы кездесу біздің жігіттер үшін оңай болмайтыны айдан анық. Десе де бұл Еуропа біріншілігі барысында Қазақстан құрамасының өнері көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Лео жоқ. Мұның біздің құрамаға пайдасы да тиген келді. Қазір біздің ұжым нағыз команда секілі ойнап жатыр. Енді футзалшыларымыздың жүйкесі сыр бермесе екен дейміз. 

Статискаға көз жүгіртіп көрейік. Бұл біріншілік барысында Қазақстанның қорғанысы Испанияға қарағанда берік. Какау тәлімгерлері тоғыз гол соғып, үш ғана гол жіберсе, Хосе Венансио Лопес шәкірттері алты гол соғып, төрт рет қақпаларына доп жіберіпті. 

Қазақстан Еуропа біріншілігіне қатысып жатқан құрамалар арасында гол көрсеткіші бойынша екінші орында. Бірінші орында 14 гол соққан Португалия құрамасы тұрса, жеті гол соққан Франция үшінші, ал Испания төртінші тұр. 

Бірақ Испания қарасылас қақпасына ең көп соққы жасайтын ұжым. Олар жалпы 142 соққы жасаған. Қазақстан үшінші орында (124 соққы) болса, Ресей құрамасы екінші (127 соққы) орында. 

Біздің құраманың ойыншылары Словения және Украинамен ең көп ереже бұзатындардың қатарында. Бұл құрамалардың барлығы 22 фол жасаған. 



Еуропа біріншілігінің ең үздік сұрмергені португалиялық шабуылшы Рикардиньо. Ол алты рет қанжығасын майлаған. Ал нәтижелі пас беру көрсеткіші бойынша біздің құраманың қорғаушысы Дуглас Жуниор келеді. Ол әріптестеріне төрт нәтижелі пас берген. 

Еске салайық, футзалдан Қазақстан және Испания арасындағы Еуропа біріншілігінің жартылай финал ойыны бүгін түнде, Астана уақытымен 02:00-де басталады. Кездесуді "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 






  Пікір: 0
  0