auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты
Футзалдан Словения елінің астанасы Люблянада өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы бірінші ойында Польша құрамасын ұтты. 5:1  есебімен жеңіске жеткен Какау шәкірттері ширек финалға шықты.

Қазақстан құрамасы бірінші таймды аса қарқынды өткізді. Ойынның 3 минутында-ақ қарсыластар қақпасында доп тулатты. Құраманың Еуропа чемпионатындағы алғашқы голын Тайнан соқты. Жақында ғана Қазақстан құрамасында ойнауға мүмкіндік алған бразилиялық алғашқы ресми ойынында-ақ гол соғып, көзге түсті.

9 минутта Біржан Оразов Польша құрамасының қақпасына екінші голды тоғытты. Тайм аяқталар тұста отандастарымыз екі бірдей гол соғып, есепті еселей түсті. Серік Жаманқұлов бір гол соқса, Михаил Першин айып соққысын сәтті орындады.

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын ұлттық құрама екінші таймда қорғанысқа баса назар аударды. Бұл жаттықтырушының алда өтетін ойындарға орай ұстанған жоспары болуы да бек мүмкін.

Екінші таймда поляктар есепті теңестіруге тырысты. 28 минутта Доменик Солецки гол соғып, командасын желпіндірді. Одан кейін ойындағы жүйелерін өзгертіп, қақпашыны ойыншыға алмастырды. Ереже бұзумен де "ерекшеленіп", төреші Польша құрамасы қақпасына айып добын белгіледі. Бұл жолы Михаил Першин гол соға алмады. Есесіне араға бірер минут сала Дуглас Қазақстан құрамасының ойындағы бесінші голын соқты. Нәтижесінде 5:1 есебімен жеңіске жеткен отандастарымыз ширек финалға жолдама алды. Жарыс ережесі бойынша топтан екі команда шығады. 1/4 финалда Қазақстанға "А" тобындағы Сербия, Словения және Италия құрамаларының бірі қарсылас атанатын болады.



Польша құрамасы топтағы бірінші ойында Ресеймен кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен еді. Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы ойын 3 ақпан күні өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербия астанасы Белградта өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама