Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Барселона" футбол тарихында болмаған жетістікті бағындырды

Бірінші ойында "ПСЖ" командасынан 4:0 есебімен ұтылған каталондық клуб "Камп Ноудағы" қарымта ойында 6:1 есебімен жеңіске жетті.


sports.ru
sports.ru
"Барселона" футбол клубы Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. Бірінші ойында "ПСЖ" командасынан 4:0 есебімен ұтылған каталондық клуб "Камп Ноудағы" қарымта ойында 6:1 есебімен жеңіске жетті.

"Блауграна" футбол тарихында болмаған жетістік шыңын бағындырды. Осыған дейін Чемпиондар лигасының бірінші ойынында 4:0 есебімен ұтылып, қарымта ойын қорытындысы бойынша келесі кезеңге шыққан команда болмаған. Енді, бар. "Барселона" спортсүйер қауым бүгін-ертең ұмытпас камбэк жасады.



"Камп Ноудағы" есеп ойынның 3 минутында-ақ ашылды. Қақпа алдындағы қарбаласта Луис Суарестің баспен бағыттаған добы қақпа сызығынан ары асты. "ПСЖ" қорғаушылары допты қайтарып үлгергенмен, кеш болатын. Бас төреші айқын соғылған голды есепке алды.

40 минутта Андреас Иньеста допқа соңына дейін талас жүргізіп, қонақтар қорғаушыларының қателесуіне себепкер болды. Нәтижесінде Левен Курзава допты сәтсіз қайтарып, өз қақпасына гол соғып алды.

50 минутта париждік команданың қақпасына бас төреші Дениз Айтекин пенальти белгіледі. Лионель Месси 11 метрлік айып соққысынан мүлт кеткен жоқ.



Араға 12 минут сала Эдинсон Кавани гол соғып, жергілікті жанкүйерлердің қуанышын су сепкендей басты. "Барселонаның" ширек финалға шығуы үшін енді 3 гол соғуы қажет еді. Төрешінің соңғы ысқырығы шалынғанша каталондық клубтың ойыншылары 3 голды соға алды.

88 минутта Неймар айып соққысынан гол соғып, есепті еселеді. Қосымша уақытта Дениз Айтекин екінші рет "ПСЖ" қақпасына пенальти белгіледі. Бұл тұста Маркиньостың ереже бұзғаны назарға алынды. Неймар пенальтиді сәтті орындап, "Барселонаның" келесі кезеңге шығуына аз да болса үміт сыйлады.


Қосымша 5 минуттың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда алаң иелері тайлы-тұяғымен шабуылға шықты. Нәтижесінде Серхио Робертоның жолы болып, тарихи голды қонақтар қақпасында тулатты.



Осылайша "Барселона" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

"Боруссия д" (Германия) – "Бенфика" (Португалия) 4:0



Барселонадан бөлек бүгін ширек финалға дортмундтық "Боруссия" да шықты. Бірінші ойында "Бенфикадан" 1:0 есебімен ұтылған Томас Тухель шәкірттері қарымтай ойында аянып қалған жоқ. 4:0 есебімен жеңіске жетті. Пьер-Эмерик Обамеянг хет-трик жасады. Бір голды Кристиан Пулишич соқты.



Айта кетейік, кеше Чемпиондар лигасының ширек финалына "Бавария" мен "Реал" шыққан болатын.
  Пікір: 0
  0