Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Реал" мен "Бавария" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

Футболдан Еуропаның басты додасы саналатын Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан алғашқы командалар белгілі болды.


vk.com
vk.com
Футболдан Еуропаның басты додасы саналатын Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан алғашқы командалар белгілі болды. Олар – мюнхендік "Бавария" мен мадридтік "Реал".

«Арсенал» (Англия) – «Бавария» (Германия) 1:5

Мюнхендік "Бавария" биыл да "Арсеналды" жарыс жолынан шығарды. Өз алаңында 5:1 есебімен жеңіске жеткен Карло Анчелотти шәкірттері сол есепті Лондондағы "Эмирейтс" стадионында да қайталады.

Қарымта ойында канонирлердің жанкүйерлері командасынан тосынсый күткен еді. Өкінішке орай Арсен Венгер командасы жанкүйерлердің үмітін ақтамады. Бірінші болып Тео Уолкотт есеп ашқанмен, екінші таймда "Арсеналдың" ойыны өзгерді. Өзгеруіне 53 минутта Лоран Косельнидің алаңнан қуылғаны себеп болғаны анық. 11 метрлік айып добынан Роберт Левандовский таразы басын теңестіргеннен кейін "Баварияның" ойыны алға басты. 68 минутта Арьен Роббен команда сапындағы 126-голын соқса, араға 10 минут сала Дуглас Коста есепті 3:1-ге жеткізді. Ал ойын соңына қарай Артуро Видаль екі гол соғып, дубль орындады.

"Арсенал" жеті жылдан бері Чемпиондар лигасының ширек финалына шыға алмай келеді. Сондай-ақ қос ойын қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасында ойсырай ұтылған (10:2) алғашқы ағылшындық команда ретінде де антирекорд орнатты.

"Наполи" (Италия) – "Реал" (Испания) 1:3

Неапольде өткен "Наполи" мен "Реал" арасындағы ойын тартысқа толы болды. Әсіресе бірінші таймдағы Дрис Мертенстің голынан кейін қай клубтың келесі кезеңге өтетіні футболсүйер қауымды ойланта бастады. Дегенмен екінші таймда "корольдік клуб" бұл ойында да фаворит екенін дәлелдей білді. Серхио Рамос екі бірдей сәтте бұрыштама добынан гол соғып, командасын серпілтті. Ал ойын аяқталар тұста Альваро Мората "Реалдың" үшінші голын соқты.

Қос команда арасындағы бірінші ойында да "Реал" 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
  Пікір: 0
  0