Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Манчестер Сити" мен "Монако" ойынында 8 гол соғылды

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар жалғасуда.


vk.com (Манчестер Сити)
vk.com (Манчестер Сити)
Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар жалғасуда. Түнде "Манчестер Сити" өз алаңында "Монаконы" 5:3 есебімен ұтса, леверкузендік "Байер" мадридтік "Атлетикоға" 2:4 есебімен ұтылды. Назарларыңызға ойындарға қысқа шолуымызды ұсынамыз.

"Манчестер Сити" (Англия) – "Монако" (Франция) 5:3



"Этихад Стэдиумда" өткен ойын футбол жанкүйерлерін жалықтырған жоқ. Тартысқа толы өткен матчта алаң иелері қарсыластарынан айласын асырды. Ойында бірінші болып Рахим Стерлинг есеп ашып, "Манчестер Ситиді" алға шығарды. 32 минутта Радамель Фалькао әуелете асырылған пасқа бірінші жетіп, баспен қақпаға соққы бағыттады. "Монако" шабуылшысының баспен бағыттаған добы қақпа торынан табылды. 40 минутта Килиан Мбаппе "Монаконың" екінші голын соғып, алаң иелерін тығырыққа тіреді.

Екінші тайм басы Хосеп Гвардиола командасы үшін сәтті басталмады. 50 минутта Вилли Кабальеро қақпасына пенальти белгіленді. "Монако" жанкүйерлерінің өкінішіне орай Фалькао бұл мүмкіндігін мүлт жіберді.  Араға 8 минут сала Серхио Агуэро есепті теңестірді. 61 минутта Фалькао өз қателігін жуып, "Монаконы" кезекті рет алға шығарды. Дегенмен "Манчестер Ситидің" бұл голдан сағы сынбады. Есесіне шабуылын үдете түсті. 71 минутта Серхио Агуэро кезекті рет есепті теңестіріп, дубль авторы атанды. 77 минутта Джон Стоунз 4:3 есебімен алаң иелерін алға шығарды. Араға 5 минут сала Лерой Сане "Манчестер Ситидің" ойындағы бесінші голын соқты.

Байер (Германия) – Атлетико (Испания) 2:4



"Бай Аренада" өткен ойын да голға бай болды. Бірінші таймда "Атлетико" Сауль Ньигес пен Антуан Гризманн соққан голдардың нәтижесінде алға шықты. Екінші тайм басында Карим Бельараби есепті қысқартты. 58 минутта "Атлетиконың" кезекті голын соғуына зор мүмкіндігі болды. Кевин Гамейро пенальти орындауда мүлт кетті. 67 минутта Стефан Савичтің өз қақпасына соққан голы "Байерге" үміт сыйлады. Алайда 86 минутта Фернандо Торрестің соққан голы алаң иелерінің мысын басты.

Айта кетейік, осыған дейін 1/8 финалдың бірінші ойындарында мадридтік "Реал" "Наполиді", "Бавария" "Арсеналды", ПСЖ "Барселонаны", "Бенфика" дортмундтық "Боруссияны" ұтқан болатын. Қарымта ойындар 7-8 және 14-15 наурыз күндері өтеді.

Бүгін түнде "Севилья" (Испания) мен "Лестер" (Англия), "Порту" (Португалия) мен "Ювентус" (Италия) кездесулері өтеді.
  Пікір: 0
  0