auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Римдегі рекорд. "Барселона" жартылай финалға шыға алмады

Римдегі рекорд. "Барселона" жартылай финалға шыға алмады
"Барселона" футбол клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмай қалды. Римде өткен қарымта ойында каталондық клуб "Ромадан" 3:0 есебімен ойсырай ұтылды.

Бірінші ойында 4:1 есебімен жеңіске жеткен "блауграна" Римге бейқам келгендей. Ойын басталысымен алаң иелерінің ширақ шабуылы "Барселона" қорғаушыларының мазасын қашырды. 6 минутта Жорди Альба мен Умтити шабуылшы Эдин Джекодан көз жазып қалды. Ал өз кезегінде тәжірибелі шабуылшы мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Де Росси асырған допты қонақтар қақпасында тулатты.

Бірінші тайм аяқталғанша "Рома" ойыншылары тағы гол соғуға асықты. "Барселона" ойыншыларынан "жартылай финалға шыға алмай қаламыз-ау" деген үрей байқалмады. Месси бірнеше айып соққысынан доп бағыттап көргенмен, гол соға алған жоқ.

56 минутта "Рома" ойыншыларының камбэк жасауға үміттері еселенді. Каталондық клубтың қорғаушысы Жерар Пике Эдин Джекоға қарсы ойын ережесін бұзды. Бас төреші Турпен ойлана келе "Барселона" қақпасына пенальти соққысын белгіледі. Де Росси 11 метрлік айып соққысын сәтті орындады.

Екінші голдан кейін "Олимпико" стадионындағы жанкүйерлердің қолдауы еселене түсті. "Романың" үшінші голды соғып, камбэк жасауын күтті. Римдік команда жанкүйерлерінің үддесінен шықты. 83 минутта Манолас бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, баспен қия ұрды. Доп қонақтар қақпасының төрінен табылды. Ары қарай "Барселона" ойыншылары бір гол соғуға ұмтылғанмен, нәтиже болмады. Каталондық клуб ойыншыларында мүмкіндік болмады емес, болды да. Бірінде сәттілік жетіспесе, бірінде бір-бірлеріне доп беруде қателесті. Осылайша сырт алаңда соққан голдың нәтижесінде "Рома" жартылай финалға жолдама алды. Әйтпесе, қос ойын қорытындысы бойынша есеп 4:4 болған.


"Рома" 34 жылдан кейін барып қана Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығып отыр. Соңғы рет римдік ұжым 1983/84 жылғы маусымда финалға дейін жетіп, пенальти сериясында "Ливерпульге" жол берген.

Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан екінші команда – "Ливерпуль". Юрген Клопп шәкірттері "Манчестер Ситиді" қарымта ойында да ұтты. Ал 11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні "Бавария" – "Севилья", "Реал" – "Ювентус" командаларының қарымта кездесулері өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
©twitter.com/ChampionsLeague "Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
©UEFA Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?
20 қыркүйек 2023, 09:47
Чемпиондар лигасы
©AS Бапкер қазіргі таңдағы ең мықты футболшыны атады
18 мамыр 2023, 15:53
Чемпиондар лигасы
©instagram.com/mancity Гвардиола Чемпиондар лигасында 100 жеңіске жетті
12 мамыр 2023, 13:54
Чемпиондар лигасы
© Чепиондар лигасы финалы ауыстырылуы ықтимал

Жарнама

Жарнама