auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ливерпуль" мен "Барселона" бірінші ойында жеңіске жетті

"Ливерпуль" мен "Барселона" бірінші ойында жеңіске жетті
©:УЕФА
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы бірінші ойындар аяқталды. Түнде өткен ойындарда "Ливерпуль" "Манчестер Ситиді" 3:0 есебімен ұтса, "Барселона" Римнің "Ромасын" 4:1 есебімен сан соқтырды.

Ширек финалдағы "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" арасындағы ойынды жанкүйерлер асыға күтті. Екі команданың бірін фаворит санау да қиын болды. Себебі тәжірибелі жаттықтырушылар Юрген Клопп пен Хосеп Гвардиоланың ойын жүйесін құрудағы шеберліктерінде шек жоқ. Алайда бірінші ойында мерсисайдтық клубтың асығы алшысынан түсті.

12 минутта Мұхаммед Салах гол соғып, "Ливерпульды" алға шығарды. 20 минутта Алекс Окслейд-Чемберлен тепкен доп та қонақтар қақпасында тулады. Ал 31 минутта Садио Маненің голы алаң иелеріне айқын басымдық сыйлады.



Ойында Мұхаммед Салах жарақат алып қалды. Мысырлық ойыншының қанша уақыт алаңға шыға алмайтыны әзірге белгісіз.



"Барселона" "Ромадан" бір бәс жоғары екенін бірінші ойында-ақ дәлелдеді. "Камп Ноуда" римдік команданы 4:1 есебімен ұтты. Бір қызығы, алғаш соғылған екі голды да "Рома" ойыншылары өз қақпаларына соғып алды. Даниэль Де Росси мен Костас Маноластың сәтсіздігі, каталондық клубқа қол болды. Сондай-ақ "блуграна" сапынан Жерар Пике мен Луис Суарес бір-бір голдан еншілеріне жазды. Римдік команданың бір голын Эдин Джеко соқты.



Командалар арасындағы қарымта кездесулер бір аптадан кейін өтеді.

Айта кетейік, кеше "Реал" сырт алаңда "Ювентусты" 3:0 есебімен ұтса, "Севилья" өз алаңында 2:1 есебімен "Баварияға" жол берген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
©twitter.com/ChampionsLeague "Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
©UEFA Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?
20 қыркүйек 2023, 09:47
Чемпиондар лигасы
©AS Бапкер қазіргі таңдағы ең мықты футболшыны атады
18 мамыр 2023, 15:53
Чемпиондар лигасы
©instagram.com/mancity Гвардиола Чемпиондар лигасында 100 жеңіске жетті
12 мамыр 2023, 13:54
Чемпиондар лигасы
© Чепиондар лигасы финалы ауыстырылуы ықтимал

Жарнама

Жарнама