Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Ливерпуль" мен "Барселона" бірінші ойында жеңіске жетті

Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы бірінші ойындар аяқталды.

©:УЕФА
0 пікір
25
5 сәуір 10:48
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы бірінші ойындар аяқталды. Түнде өткен ойындарда "Ливерпуль" "Манчестер Ситиді" 3:0 есебімен ұтса, "Барселона" Римнің "Ромасын" 4:1 есебімен сан соқтырды.

Ширек финалдағы "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" арасындағы ойынды жанкүйерлер асыға күтті. Екі команданың бірін фаворит санау да қиын болды. Себебі тәжірибелі жаттықтырушылар Юрген Клопп пен Хосеп Гвардиоланың ойын жүйесін құрудағы шеберліктерінде шек жоқ. Алайда бірінші ойында мерсисайдтық клубтың асығы алшысынан түсті.

12 минутта Мұхаммед Салах гол соғып, "Ливерпульды" алға шығарды. 20 минутта Алекс Окслейд-Чемберлен тепкен доп та қонақтар қақпасында тулады. Ал 31 минутта Садио Маненің голы алаң иелеріне айқын басымдық сыйлады.



Ойында Мұхаммед Салах жарақат алып қалды. Мысырлық ойыншының қанша уақыт алаңға шыға алмайтыны әзірге белгісіз.



"Барселона" "Ромадан" бір бәс жоғары екенін бірінші ойында-ақ дәлелдеді. "Камп Ноуда" римдік команданы 4:1 есебімен ұтты. Бір қызығы, алғаш соғылған екі голды да "Рома" ойыншылары өз қақпаларына соғып алды. Даниэль Де Росси мен Костас Маноластың сәтсіздігі, каталондық клубқа қол болды. Сондай-ақ "блуграна" сапынан Жерар Пике мен Луис Суарес бір-бір голдан еншілеріне жазды. Римдік команданың бір голын Эдин Джеко соқты.



Командалар арасындағы қарымта кездесулер бір аптадан кейін өтеді.

Айта кетейік, кеше "Реал" сырт алаңда "Ювентусты" 3:0 есебімен ұтса, "Севилья" өз алаңында 2:1 есебімен "Баварияға" жол берген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
25
5 сәуір 10:48
Новости