Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ережелеріне өзгерістер енгізді

Олардың қатарында төртінші ойыншыны алмастыру да бар.

©:footboom.com
0 пікір
46
28 наурыз 12:26
Еуропа футбол қауымдастығы (UEFA) Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы ережелеріне бірқатар өзгертулер енгізді. Бұл ережелер күшіне келесі маусымнан бастап енеді, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты. 

Жаңа маусымда Еуропа футбол қауымдастығы мынадай төрт өзгеріс енгізіп отыр: 

- 2018-19 жылғы маусымнан бастап "қарт құрлықтың" клубтық додаларында плей-офф кезеңінде кездесулер қосымша уақытқа (Overtime) созылса, командалар төртінші ойыншыны алмастыра алады. Ал негізгі уақытта бұрынғыдай үш ойыншы алмастырады.

- Чемпиондар лигасының, Еуропа лигасының финалында және UEFA Суперкубогы үшін өткен ойындарда командалар 23 футболшы (бұрын 18) тіркей алады. Енді келер маусымда қосалқы құрамда бұрынғыдай 7 ойыншы емес, 12 ойыншы отыратын болады.

- Матчтардың басталу уақытына қатысты өзгертулер.

Жаңа маусымнан бастап Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф ойыны, топтық кезең матчтары, 1/8 финал, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық кездесулер Орталықеуропа уақыты (CET) сағат 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады. Сонымен қатар топтық кезең ойындарында әр сейсенбі және сәрсенбі күндері екі кездесу Орталықеуропа уақыты 18:55-де (Астана уақыты 22:55) басталады. Ал топтық кезеңнің ең соңғы айналымы аясындағы матчтар бірдей уақытта басталады. Нақты уақытын UEFA келер жылы белгілейді. 

Еуропа лигасының ойындары топтық кезеңнен бастап 1/8 финалға дейін Орталықеуропа уақыты (CET) сағат 18:55 (Астана уақыты 22:55) және 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады. Нақты қай ойынның қашан өтетіні жеребе арқылы анықталады. Ал ширек финалдан бастап ойындардың барлығы 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.

UEFA Суперкубогы үшін өтетін матч Орталықеуропа уақыты 21:00-де (Астана уақыты 01:00) басталады.

- UEFA Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдері аяқталған соң, қысқы трансфер кезінде әр команда еш шектеусіз 3 футболшыны команда қатарына тіркей алады. Бұл әр чемпионаттың қысқы трансфер кезінде жаңа ойыншы тіркеу ережелерімен бірдей. Мәселен, бұрын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бір команданың намысын қорғаған футболшы қысқы трансферде басқа командаға ауысса, Чемпиондар лигасының плей-офф сатысында жаңа командасына көмектесе алмайтын еді. Енді жаңа ереже бойынша бұл тиым алынып тасталады.

Бұлардан бөлек, тағы бір елеулі ереже, Еуропа лигасын (Бұрынғы атауы — УЕФА кубогі) қатарынан үш мәрте жеңіп алған немесе осы лигада бес рет чемпион атанған команда спорттық формаларына ерекше құрмет белгісін қадауларына болады. Ал бұндай ереже Чемпиондар лигасында ежелден бері бар.

Қазіргі уақытта бұл атаққа тек «Севилья» командасы ғана лайық. Испаниялық ұжым Еуропа лигасын осыған дейін бес мәрте жеңіп алған болатын (2006, 2007, 2014, 2015, 2016).
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
46
28 наурыз 12:26
Новости