auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды
Р-Спорт
Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне шыққан 16 команда белгілі болды.

Чемпиондар лигасы тарихында 1/8 финалға алғаш рет бір елден бес команда шығып отыр. Олар ағылшынның "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм" және "Челси" клубтары. "Қызыл сойқандар" бұл жарысқа өткен маусымда Еуропа лигасын ұтып, жолдама алған еді.

Сонымен "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм" (бәрі де - Англия), ПСЖ (Франция), "Рома" (Италия), "Барселона" (Испания) және "Бешикташ" (Түркия) командалары өз топтарында бірінші орынмен шықты. Ал "Базель" (Швейцария), "Бавария" (Германия), "Челси" (Англия), "Ювентус" (Италия), "Реал Мадрид", "Севилья" (екеуі де - Испания), "Шахтер" (Украина) мен "Порту" (Португалия) клубтары топтық кезеңді екінші орынмен түйіндеді.

Каталондық "Барселона" биылғы маусымдағы топтық кезең қорытындысы бойынша рекорд жаңартты. Олар 11 маусым қатарынан өз топтарында бірінші орынмен шығып отыр.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық жеребе тастау рәсімі 11 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Топтық кезеңде бірінші орын алған команда мен екінші орын алған командалар кездесетін болады. Бұл кезеңнің ойындары ақпан мен наурыз айларында өтеді.

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің қорытындысы бойынша ЦСКА,  "Спартак" (екеуі де - Ресей), "Селтик" (Шотландия), "Атлетико" (Испания), "Спортинг" (Португалия), "Наполи" (Италия), "РБ Лейпциг" және "Боруссия" Дортмунд (екеуі де – Германия) командалары Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды.

Түнде өткен E, F, G, H топтарындағы ойындар қорытындысы төмендегідей:

Е тобы

"Ливерпуль" (Англия) - "Спартак" (Ресей) – 7:0
Гол соққандар: Филиппе Коутиньо, 4 (пен),15, 50, Роберто Фирмино, 18, Садио Мане, 47,  76, Мохамед Салах, 86 

"Марибор" (Словения) - "Севилья" (Испания) – 1:1
Гол соққандар: Маркос Таварес, 10 - Пауло Энрике Гансо, 75

F тобы

"Шахтер" (Украина) - "Манчестер Сити" (Англия) – 2:1
Гол соққандар: Бернард, 26, Исмаили, 32 - Серхио Агуэро, 90+2 (пен)

"Фейеноорд" (Нидерланд) - "Наполи" (Италия) – 2:1
Гол соққандар: Николай Йоргенсен, 33, Йерри Юсте, 90+1 - Петр Зелиньски, 2
Ойыннан қуылды - Тонни де Вильена, 83 («Фейеноорд»)

G тобы

"Порту" (Португалия) - "Монако" (Франция) – 5:2
Гол соққандар: Венсан Абубакар, 9, 33, Ясин Браими, 45, Алекс Теллес, 65, Тикиньо, 88 - Камил Глик, 61 (пен), Радамель Фалькао, 78
Ойыннан қуылды: Аугусто Фелипе, 38 - Рашид Геззаль, 38 

"Лейпциг" (Германия) - "Бешикташ" (Түркия) – 1:2
Гол соққандар: Наби Кейта 87 - Альваро Негредо,10 (пен), Андерсон Талиска, 90
Ойыннан қуылды - Штефан Ильзанкер, 82 («Лейпциг»)

H тобы

"Тоттенхэм" (Англия) - АПОЭЛ (Кипр) – 3:0
Гол соққандар: Фернандо Льоренте, 20, Сон Хын Мин, 37, Жорж-Кевин Н'Куду, 80

"Реал" (Испания) - "Боруссия" (Дортмунд, Германия) – 3:2
Гол соққандар: Борха Майораль, 8, Криштиану Роналду, 12, Лукас Васкес, 81 - Пьер-Эмерик Обамеянг, 43, 48
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
©twitter.com/ChampionsLeague "Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
©UEFA Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?
20 қыркүйек 2023, 09:47
Чемпиондар лигасы
©AS Бапкер қазіргі таңдағы ең мықты футболшыны атады
18 мамыр 2023, 15:53
Чемпиондар лигасы
©instagram.com/mancity Гвардиола Чемпиондар лигасында 100 жеңіске жетті
12 мамыр 2023, 13:54
Чемпиондар лигасы
© Чепиондар лигасы финалы ауыстырылуы ықтимал

Жарнама

Жарнама