Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Румын төрешілері "Астананы" тағы аяқтан шалмас

Олардың арасында өткен маусымдағы "Селтикке" қарсы ойында "Астана" қақпасына екі пенальти белгілеп, екі ойыншысын алаңнан қуған төреші де бар.


The Scottish Sun
The Scottish Sun
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі Селтик пен Астана командалары арасындағы бірінші ойынға румындық төрешілер қазылық жасайтын болды. Олардың арасында өткен маусымда осы шотландиялық клубқа қарсы ойында "Астана" қақпасына екі пенальти белгілеп, екі ойыншысын алаңнан қуған төреші де бар.

Румын төрешісі Иштван Ковач былтыр да "Селтик" – "Астана" ойынына қазылық жасаған. Сол ойында осы төреші елордалық ұжымның еңсесін түсірген еді. Екі бірдей пенальти белгілеп қана қоймай, "Астананың" екі ойыншысын алаңнан қуған-ды. Биыл қосалқы арбитрдің қызметін атқарып, қақпа сыртынды тұрады.  Ал бас төреші – Овидиу Хацеган. Бұл ойында оған қос қапталдан отандастары Октавиан Совре мен Себастьян Георге көмектессе, Иштван Ковач пен Себастьян Колтесу қақпа сыртынан бақылайтын болады. Не де болса румын төрешілері Астананы тағы да аяқтан шалмас деген ойдамыз.

Айта кетейік, Глазгодағы бірінші кездесу сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні өтеді. Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Тікелей эфирде "KazSport" арнасы көрсетеді. Ал қарымта ойын араға бір апта сала Астанада өтеді.
  Пікір: 0
  0