Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Реал" бірінші ойында "Бавариядан" басым түсті

Мюнхенде өткен ойында Роналдудың соққан екі голы корольдік клубқа жеңіс сыйлады.


Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы "Бавария" мен "Реал" арасындағы бірінші ойында мадридтік клуб жеңіске жетті. Мюнхенде өткен ойында Роналдудың соққан екі голы "корольдік клубқа" жеңіс сыйлады.

Карло Анчелотти жаттықтыратын "Бавария" ойынды жоғары қарқынмен бастады. Алғашқы минуттардан-ақ шабуылын үдетіп, гол соғуға ұмтылды. 25 минутта бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жеткен Артуро Видаль алаң иелерін алға шығарды. Баспен бағыттаған добын Кейлор Навас қайтарып үлгермеді. Бірінші тайм аяқталар тұста "Реал" қақпасына пенальти белгіленді. Алайда Артуро Видаль бұл жолы 11 метрлік айып соққысын орындауда қателікке бой алдырды.

Екінші таймды "Реал" ширақ бастады. 47 минутта Кришиану Роналду Даниэль Карвахаль асырған допқа бірінші жетіп, есепті теңестірді. Одан кейінгі аралықта Карим Бенземаның да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Ал 61 минутта Хави Мартинес екінші сары қағазын алып алаңнан қуылғаннан кейін Баварияның ойыны алға баспады. 77 минутта Криштиану Роналду "Реалдың" ойындағы екінші голын соғып, командасын алға шығарды. Одан кейінгі уақытта таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Серхио Рамос соңғы минуттарда гол соққанымен, оффсайдта қалып қойды.



Қос команда арасындағы қарымта ойын 19 сәуір күні "Саньтяго Бернабеуде" өтеді.

Айта кетейік, "Реалға" қарсы ойында "Баварияның" үздік сұрмергендерінің бірі Роберт Левандовский жарақатына байланысты алаңға щыққан жоқ.
  Пікір: 0
  0