Футболдан Еуропаның басты додасы саналатын Чемпиондар лигасының ширек финалдық жеребесі тартылды. Салтанатты шара Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтті.
Жеребе қорытындысы бойынша
"Боруссия д" (Германия) -
"Монако" (Франция),
"Атлетико М" (Испания) -
"Лестер Сити" (Англия),
"Бавария" (Германия) -
"Реал Мадрид" (Испания),
"Ювентус" (Италия) -
"Барселона" (Испания) командалары бір-біріне қарсылас атанды.
Командалар арасындағы бірінші ойындар 11-12 сәуірде, қарымта ойындар араға бір апта салып өтеді. Алғашқы ойындар жоғарыда бірінші жазылған командалардың алаңында болады.
Айта кетейік, 2017 жылғы Чемпиондар лигасының финалы 3 маусым күні Кардиффте өтеді.
Жарнама