Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"ПСЖ" УЕФА-ға шағым түсірді

Шағымда ойынға қазылық жасаған неміс төрешісі Дениз Айтекиннің 7 қателігі жазылған.


ftbl.ru
ftbl.ru
Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта ойынында "Барселонаға" 6:1 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған Париждің "ПСЖ" футбол клубы УЕФА-ға шағым түсірді. Шағымда ойынға қазылық жасаған неміс төрешісі Дениз Айтекиннің 7 қателігі жазылған.

"ПСЖ" клубы ойынның әр сәтін саралап, төрешінің көп тұста қателескенін алға тартып отыр. Халықаралық дәрежедегі төрешінің мұндай қателікке бой алдыруын қатаң сынауда. Олай болса париждік команданың төреші шешімімен келіспейтін тұстарын оқи отырыңыздар.



1. Бірінші таймда Юлиан Драклердің тепкен добы "Барселона" ойыншысы Хавьер Маскераноның қолына тиді. Бұл сәтті төреші назардан тыс қалдырды.

2. Пике 41 минутта екінші сары қағазын алуы тиіс болатын. Ол Эдинсон Каваниге қарсы дөрекі ойнаған-ды.

3. Неймар айып алаңында құлағанда қорғаушы Менье әдейі ойын ережесін бұзған жоқ. Бразилиялық пенальти алу үшін құйтырқы әрекетке барды.

4. Неймар ойында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылуы тиіс болатын. Есеп 3:1 болып жатқанда бразилиялық "ПСЖ" қорғаушысы Маркиньостың аяғынан тепті. Бұл тұста қарсыласқа деген құрметі болмаған футболшыны төреші жазалауы тиіс еді.

5. Есеп 3:1 болып тұрғанда Пике айып алаңында қолмен ойнады. 78 минутта Анхель Ди Марияның асырған добы қорғаушының қолына тигенін байқауға болады. Төреші бұл сәтті назардан тыс қалдырған.

6. Хавьер Маскерано Анхель Ди Марияға қарсы ойын ережесін бұзған болатын. Ол үшін төреші қызыл қағаз бен "Барселона" қақпасына пенальти белгілеуі тиіс еді. Бірақ Дениз Айтекиннің шешімі басқа болды. Ойын аяқталған соң "Барселона" қорғаушысы ойын ережесін бұзғанын мойындады да.

7. Ойындағы есеп 4:1 болып тұрғанда Луис Суарес "ПСЖ" айып алаңында құлады. Оған қарсы Маркиньос ереже бұзған жоқ. Төреші пенальти емес, уругвайлық шабуылшыға құйтырқы қылығы үшін екінші сары қағаз көрсетіп, алаңнан қууы тиіс еді.

Ойынның толық нұсқасы



Айта кетейік, "ПСЖ" өз алаңында "Барселонаны" 4:0 есебімен ұтып, қарымта ойында 6:1 есебімен ұтылып қалған болатын.

Бүгін түнде Чемпиондар лигасы жалғасады. "Лестер" (Англия) мен "Севилья" (Испания), "Ювентус" (Италия) пен "Порту" (Португалия) командалары арасындағы қарымта ойындар өтеді.
  Пікір: 0
  0