auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Уақыт келе Алматыда "Барыстың" бәсекелесі болатын хоккей командасы шығады - Байбек

Уақыт келе Алматыда "Барыстың" бәсекелесі болатын хоккей командасы шығады - Байбек
"Алматы Арена". © stroytex.kz
Алматы әкімі Бауыржан Байбек болашақта қалада ҚХЛ деңгейіндегі хоккей командасы пайда болады деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы ол бүгін, 17 наурызда оңтүстік астананың кәсіпкерлерінің жыл сайынғы үшінші конференциясында айтты.

Бауыржан Байбек Универсиада нысандары болашақта қандай мақсаттарда қолданылатыны жайлы сұраққа жауап беріп жатып, "Алматы Аренаның" бос тұрып қалмауы керек екенін айтты. Шаһар басшысы болагақта Құрлық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) астаналық "Барыспен" бәсекелес болатын клуб пайда болады деді.
"Бұл күрделі міндет, бірақ мәнерлеп сырғанау мен хоккейді дамытуымыз керек. Бұрын бізде база болмады. Тіпті концерттер үшін қаламызда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы болды. Қазір болса "Алматы Аренада" тұңғыш рет Қазақстан тарихында футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді. Шетелдіктер мұндағы залдың керемет екенін айтты.

Бірінші кезекте біз нысанның коммерциялық ұстанымдар бойынша жұмыс істегенін қалаймыз. Біз бұл нысанды салып алып, бос қаңырап тұруы үшін салған жоқпыз, балаларымыз спортпен шұғылдануы үшін аштық. Уақыт өте келе хоккей командасы да болатынына сенемін. Футболда "Астана" - "Қайрат" дербиі бар. Хоккейде де "Барысқа" Алматының атынан шығатын қарсылас керек".

Айтап кетейік, елордада "Алматы" хоккей клубы бар, бұл клуб Қазақстан чемпионатында ойнап жүр. Команда өз матчтарын өткен маусымда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының сырғанау аренасында өткізді, тек соңғы ойын үш мың адамдық "Халық Аренада" өтті (бұл нысан да Универсиадаға арнайы ашылған).

ҚХЛ-ға Қазақстанның атынан қатысып жүрген жалғыз команда "Барыс". Біраз жылдан бері лигаға "Сарыарқа" клубының қосылуы туралы әңгіме болды, алайда қарағандылық клуб Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсетіп жүр.

Қысқы Универсиадаға қалада 12 мың адамдық "Алматы Арена" салынған еді. Әмбебап аренада хоккей ойындарымен қатар, Қанат Ислам жұдырықтасқан бокс кеші, футзал ойындары ұйымдастырылды, ал сәуірде футзалдан екі бірдей ірі жарыс өтеді - Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі және УЕФА Кубогының "Төртеудің финалы" өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама