"Ақтөбе" футбол клубы жаңа маусымға дайындығын жалғастыруда. Екінші ОЖЖ Түркияның Белек қаласында 7 ақпан мен 28 ақпан аралығында өтеді. Бұл жиында 5 жолдастық кездесу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта "Ақтөбенің" үш қарсыласы анықталды. Жаттығы жиындары барысында Қазақстанның бес дүркін чемпионалы "Сталь", "Тосно" және "Амкар" клубтарымен кездеседі.
Ойын кестесі:
10 ақпан "Тосно" ФК (Ресей, 1 дивизион, ФНЛ)
13 ақпан "Сталь" ФК (Украина, Премьер-лига, УПЛ)
18 ақпан "Амкар" (Ресей, Премьер-лига, РФПЛ)
22 ақпан - қарсылас анықталған жоқ
26 ақпан - қарсылас анықталған жоқ
Екінші ОЖЖ-на жарақаттарына байланысты Қайыров пен Трофимец командамен бара алмады алмады. Бағдат пен Игорь Түркияға біршама уақыттан соң қосылады деп күтілуде.
Жарнама